Лебедев Валентин Витальевич (1942 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1942 жылы 14 сәуірде Мәскеу қаласында дүниеге келген.
Оның балалық шағы мен жастық шағы Мәскеу облысының Наро-Фоминск қаласында өтті. 1959 жылы №4 орта мектепті бітіргеннен кейін Орынбор авиациялық училищесіне оқуға түсті. Содан кейін С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтының ұшу аппараттары факультетіне түсті. Оқумен қатар ұшқыш мамандығын игеріп алды. Ғарышкерлер отрядына алғашқы өтінішін 1963 жылы Мәскеу авиациялық институтының студенті болған кезде жазды.
Әйгілі Эксперименттік машина жасау орталық конструкторлық бюросында инженер, аға инженер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
1972 жылдан бастап 1993 жылға дейін ғарышкерлер жасағында болды. В.В.Лебедев екі мәрте ғарышқа ұшты. Бірінші рет - 1973 жылғы 18-26 желтоқсан аралығында «Союз-13» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде, екінші рет - 1982 жылғы 13 мамыр мен 10 желтоқсан аралығында (сол кездегі рекордты уақыт 211 тәулік, 9 сағат) «Союз Т-5» ғарыш кемесі мен «Салют-7» орбиталық станциясында бортинженер ретінде ұшты. Ғарыштық ұшу кезінде ұзақтығы 2 сағат 33 минутқа ашық ғарышқа шықты.
1989 жылдан бастап КСРО Ғылым Академиясының География институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Ғылыми геоақпараттық орталығының директоры болып жұмыс істеді.
Облыс басшылығының шақыртуы бойынша достық сапармен Өскеменге екі мәрте 1975 жылғы қаңтарда және 1982 жылғы тамызда келді.
Валентин Витальевич - ғарышкер-сынаушы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, РҒА корреспондент мүшесі.
В.В.Лебедев екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, екі рет Ленин орденімен, «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен, «Ғарышты игерудегі еңбегі үшін» және «Байкал-Амур магистралін салғаны үшін» медальдарымен, шет мемлекеттердің наградаларымен марапатталған.
В.В. Лебедев туралы әдебиет
Литература о Лебедеве В.В.
Кітаптар - Книги
Қапанов, Болатбек. Анамдай әлпештеген Асқар Алтай : [Мәтін] / Б. Қапанов. - Өскемен : [б. и.], 2011. - 566 б.
Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 102-103.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск: [б. и.], 2008. - С.34.
Мақалалар - Статьи
Тихоновская, П. Прерванный полет: [Воспоминания лениногорцев о встречах с космонавтами] / Тихоновская П. // Лениногорская правда. - 2001. - 6 апр. - С. 4.
Рябцовская , Л. Один из сынов космической одиссеи - почетный гражданин Усть-Каменогорска: [о летчике-космонавте В. В. Лебедеве, посетившем в 1975 г. Усть-Каменогорск] / Л. Рябцовская. // Рудный Алтай. - 2012. - 12 апр. - С. 11.
Самойлов, Александр. 211 суток счастья: [к 80-летию Почетного гражданина города Усть-Каменогорска лётчика-космонавта В. В. Лебедева] / А. Самойлов. // Устинка плюс. - 2022. - 14 апреля. - С. 14-15.