Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Беляев В. Н.

Беляев Владимир НиколаевичБеляев Владимир Николаевич (1958 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1958 жылы 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Бобровка ауылында дүниеге келген.
Владимир Николаевич хоккеймен ерте жастан бастап айналысқан. 1976 жылы №218 орта мектепті бітірер алдында жастар арасындағы шайбалы хоккейден КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Ленинградттың П.Ф.Лесгафт атындағы дене шынықтыру институтына түсіп, оны 1980 жылы «хоккей жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірді.
1981-1982 жылдары КСРО біріншілігінің бірінші лигасында «Торпедо-Өскемен» командасында шабуылшы болып хоккей ойнады. 1984 жылдан бастап В.Н.Беляев бапкерлік қызметте. Ол он жыл бойы 1977 жылы туған балалар тобын жаттықтырып, олардан лайықты спортшы- хоккейшілерді тәрбиелеп шығарды. 1991 жылы оның командасы КСРО аймақтарының біріншілігінде Мәскеуден кейін ІІ орын, ал 1992 жылы КСРО және ТМД біріншілігінде жасөспірімдер арасында І орын алды.
1994 жылдан бастап 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасының «Торпедо-2», «Торпедо-1», «Казцинк-Торпедо-1», «Казцинк-Торпедо-2», «Казцинк -Торпедо» жасөспірімдер мен жастар құрама командаларының жаттықтырушысы, бас жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Жастар арасында өткен он жеті әлем чемпионатына қатысты. 1998 жылы Финляндияда өткен әлем чемпионатында оның шәкірттері алғаш рет Канада командасын жеңіп, «А» тобында бекінді.
2011 жылы «Астана» хоккей клубының бас бапкері ретінде Астанаға шақырылды. 2013 жылы Өскеменге оралғаннан кейін ол балалар жаттықтырушысы, Шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап В.Н.Беляев «Торпедо-Жастар» жастар командасының бас жаттықтырушысы болып жұмыс істейді.
1996 жылы Владимир Николаевичке «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы берілді.

В. Н. Беляев туралы әдебиет
Литература о Беляеве В. Н.

Кітаптар - Книги

Беляев Владимир Николаевич // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 156-157.

Мақалалар - Статьи

Столбовская, Н. "Шапка Мономаха" Владимира Беляева / Столбовская Н. // Семь дней. - 2006. - 17 марта. - С. 6.