Акитбаев Есим Турысбекович (1957 ж.т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1957 жылы 7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының Майемер ауылында дүниеге келген.
1964 жылы Майемер ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, оны 1974 жылы бітірді.
Ауылда бір жыл жұмыс істеп, 1975 жылы Өскемен педагогикалық институтының физика-математика факультетіне, математика бөліміне оқуға түсіп, оны 1980 жылы бітіріп шықты. Институтты бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Шеңгелді ауылында математикадан сабақ береді.
1985 жылы отбасы жағдайына байланысты Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылына көшіп барып, ол жерде мектеп директоры болып жұмыс істеді.
1996 жылдан бастап Есім Тұрысбекұлы Өскемен қаласы әкімдігінің Шоқан Уалиханов атындағы «№3 мектеп-лицей» КММ директоры болып табылады.
Қаланың және облыстың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмысы, тәрбиелеу мен оқыту ісіне қосқан зор үлесі үшін Е. Т. Акитбаев «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Ы. Алтынсарин» медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Семей-Невада ядролық полигонының жабылуына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Е. Т. Акитбаев туралы әдебиет
Литература об Акитбаеве Е. Т.
Акитбаев Есим Турысбекович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 146-147.