Известные имена

Хаукка Л. А.

Хаукка Людмила АнтоновнаХаукка Людмила Антонова (1946 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1946 жылы 19 қыркүйекте Алматы облысының Іле кентінде дүниеге келген.
Орта мектепті 1964 жылы Балқаш қаласында бітірді. Орта білім туралы аттестатпен бірге «Балабақша тәрбиешісі» біліктілігі туралы куәлік алды.
1970 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітіріп, «Химия және биология мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алды. Педучилищеде және мектепте химия пәнінің мұғалімі, Түркістан қаласында мектеп меңгерушісі, кейін Балқаш қалалық білім беру бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеді.
1978 жылы Людмила Антоновнаның отбасы Өскемен қаласына көшіп келгенде, ол №11 орта мектепке мұғалім болып жұмысқа түсті, ал 1990 жылы №11 мектеп-гимназиясының директоры болды.
Хаукка Людмила Антоновна 8 жыл бойы Өскемен қаласының білім бөлімін басқарды. Людмила Антоновна мұғалімдердің кәсіби білімін арттыруға көп көңіл бөлді. Ол басшылық еткен кезеңде жалпы орта білім беру жүйесі өзгерді, мектептер теориялық және ғылыми тұрғыдан қарқынды дами бастады, мектептер бірқатар пәндерді тереңдетіп оқытатын гимназиялар, лицейлер, мектептер деңгейіне өтті. Өскеменде алғаш рет ШҚМУ базасында жақын өңірлерден ғалымдарды шақыра отырып, білім беруді дамыту мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
1999 жылдан бастап 2010 жылға дейін «№24 орта мектеп» ММ директоры болып жұмыс істеді.
Л.А. Хаукка 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін, қатарынан төрт шақырылым, облыстық және қалалық деңгейдегі халық депутаттары кеңесінің және мәслихаттардың депутаты болып сайланды, қала мен өңірдегі білім беру проблемаларын шешті, өз сайлаушыларының өмір сүру жағдайларын жақсарту мәселелерімен айналысты.


Л. А. Хаукка туралы әдебиет
Литература о Хаукке Л. А.

Хаукка Людмила Антоновна // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 128-129.