Известные имена

Етекбаева К. С.

Етекбаева Кульбаран СулейменовнаЕтекбаева Кульбаран Сулейменовна (1943 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1943 жылы 5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Шілікті ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1962 жылы оқытушы болып бастаған. 1975-1987 жылдары әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде бас маман болып жұмыс істеді. Бес баланың анасы.
1987 жылдың аяғында мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шықты, бірақ зейнеткермін деп отырмады.
Күлбаран Сүлейменқызы өз өмірін белсенді қоғамдық жұмысқа арнады. Ол сонау қиын да өтпелі кезеңде қай бағытта әрекет ету керектігін, өз қаласына, өз еліне қалай көмектесе алатындығын нақты білді. Тоқсаныншы жылдардың басында оның бастамасымен «Қазақ тілі» қоғамының жанынан «Әжелер кеңесі» құрылды, ол 1995 жылы Әділет министрлігінде «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігі ретінде заңды тұлға болып тіркелді. Бұл қоғамдық бірлестіктің миссиясы – рухани мәдениетті қалпына келтіру, ұлтаралық келісімді нығайту, қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту болды.
Атқарған жұмысы үшін Күлбаран Етекбаева бірнеше рет Қазақстан Республикасы Президентінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Өскемен қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Шығыс Қазақстан халқының тарихи, мәдени және рухани мұрасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін облыстық Ақсақалдар кеңесінің Құрмет белгісімен марапатталды.

К. С. Етекбаева туралы әдебиет
Литература о Етекбаевой К. С.

Кітаптар - Книги

Етекбаева Кульбаран Сулейменовна // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы: Print House Gerona, 2021. - С. 164-165.

Мақалалар - Статьи

Осипова, И. Миссия для супербабушки: [о Кульбаран Етекбаевой, председателе ОО «Женщины-мусульманки Восточного Казахстана»] / И. Осипова // Рудный Алтай. - 2018. - 24 мая.- С.2.