Известные имена

Шерубаев А.

Шерубаев АйтказыШерубаев Айтказы (1951 ж.т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1951 жылы 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ласты ауылында дүниеге келген.
1974 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының ОВ 156/3 жабық мекемесінде инженер болып бастады.
1978-1988 жылдары «Востокмашзавод», «Электросантехмонтаж» кәсіпорындарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 1988 жылдан бастап 1997 жылға дейін Өскемен қаласы Халық депутаттары Үлбі аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Өскемен қаласы Үлбі аудандық әкімшілігінің басшысы болып жұмыс істеді.
1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасын басқарды. 2008-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы. 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
А. Шерубаев жұмыс істеген уақытта Өскемен қаласының дамуына елеулі үлес қосты. Оның белсенді араласуымен Өскемен ЖЭО-ға айтарлықтай жаңарту жүргізілді, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті нысаналы бағдарламалар мен ережелер қабылданды.
Ол Шығыс Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына басшылық еткен кезеңде әлеуметтік сипаттағы көптеген мәселелер шешілді. Оның белсенді қатысуымен «Уба» санаторийіне, Зимовье және Зевакино кентіндегі қарттар үйлеріне айтарлықтай жаңарту жүргізілді.
2016 жылдан бастап «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы. Шерубаев Айтқазы облыстағы ардагерлер ұйымдарының рөлін арттыруға ерекше көңіл бөледі. «Күміс жас» және «Ардагерлерге мейірімді жүрек», «Жаныңда жүр ардагер» әлеуметтік жобаларын жүзеге асырады. Жастармен кездесулер өткізіп, жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңестер қызметін дамытып келеді.
Шерубаев Айтқазы Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі мемлекеттік наградаларының иегері.

А. Шерубаевтың мерзімді басылымдары
Публикации Шерубаева А. в периодических изданиях


Шерубаев, А. Зейнеткер мен жұмыссыздың мұңы аз ба?: [Авт. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы.../әңг.Ғ.Сәрсенбайқызы] / А. Шерубаев // Дидар. - 1998. - 21 мамыр.-Б.2.
Шерубаев, А. Экологиялық төлемдер төлеудің жағдайы: [Семей ядролық сынақ полигоны зардаптарын шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы " заңның облыста орындалуы, жәрдемақы төлеу туралы] / А. Шерубаев // Дидар. - 2001. - 7 тамыз. - Б. 1.
Шерубаев, А. Жұмыссыз жастарға жаңа мүмкіндік: / А. Шерубаев // Дидар. - 2003. - 8наурыз. - Б. 5.
Шерубаев, А. Инфляциялық үрдістерді ырықтандыру: / А. Шерубаев // Дидар. - 2007. - 3 қараша. - Б.6.
Шерубаев, А. Атауларды ауыстырғанда ақылға салайық: / А. Шерубаев; сұхбат: Д. Аллабергенұлы. // Дидар. - 2018. - 15 наурыз. - Б. 7.

***

Шерубаев, А. Помогут ли безработным?: [О деятельности служб занятости населения ВКО] / А. Шерубаев // Рудный Алтай (Бизнес-клуб). - 1999. - 6 нояб. - С. 20.
Шерубаев, А. Не нарушая ничьих интересов: Информация по вопросам экологических выплат по Восточно-Казахстанской области / А. Шерубаев // Рудный Алтай. - 2001. - 4 авг. - С.2.
Шерубаев, А. Не нарушая ничьих интересов: [Информация по вопросам экологических выплат по Восточно-Казахстанской области] / А. Шерубаев // Голос народа. - 2001.- 10 августа. - С. 4.
Шерубаев, А. "...Ключевой остается борьба с безработицей и с бедностью": [Что сделано в 2001 году в области социальной защиты конкретно в цифрах рассказывает начальник областного управления труда, занятости и социальной защиты А.Шерубаев] / А. Шерубаев // Рудный Алтай. - 2002. - 19 марта. - С. 2.
Шерубаев, А. Достойно встретить День Победы: [статистика участников ВОВ по ВКО] / А. Шерубаев // Рудный Алтай. - 2016. - 26 апреля. - С.3.

А.Шерубаев туралы әдебиет
Литература о Шерубаеве А.

Кітаптар - Книги

30 жыл қатарда: [Мәтін] = 30 лет в строю: кітап-альбом. - Алматы: Ел шежіре ҚҚ, 2017. - Б.58.
Шерубаев Айтказы // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 200-201.

Мақалалар - Статьи

Асқаров, Н. Еңбегі еленген ерлер: Өскеменде өңірдің төрт тұрғынына "ШҚО Құраметті азаматы" атағы берілді / Н. Асқаров // Менің өлкем. - 2023. - 9 ақпан. - Б. 2.

***

Новый заместитель акима Восточно-Казахстанской области / Центр инфор. (ВКО) // Вести Семей. - 2012. - 7 февраля. - С.1.
Асипова, Г. Диалог конструктивный и позитивный: [о назначении на должность председателя областного совета ветеранов Айтказы Шерубаева] / Г. Асипова // Рудный Алтай. - 2016. - 30 января. - С.1.
Поздравляем: [65-летний юбилей председателя ВКОФ РОО "Организация ветеранов" Шерубаева Айткаы Сеидовича] // Рудный Алтай. - 2016. - 3 сентября. - С. 15.
Штейн, Д. Признание достойным: [глава региона Даниал Ахметов вручил отличительный знак и поздравил с присвоением звания "Почетный гражданин ВКО" четверых жителей области] / Д. Штейн. // Рудный Алтай. - 2023. - 7 февраля. - С. 1.