Мишин Михаил Александрович (1941 ж.т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1941 жылы 23 маусымда Томск облысы Ново-Таванга ауылында дүниеге келген.
1964 жылы Новосібір энергетикалық техникумы жанындағы курсты бітіріп, «ҮМЗ» АҚ №10 цехына жұмысқа жіберілді, еңбек жолын электромонтердің шәкірті болып бастады. Өндірістен қол үзбей жүріп Өскемен энергетикалық техникумын табысты аяқтап, өз біліктілігін 7-разрядты электр монтерге дейін көтерді. 1977 жылы энергетикалық жоғары білім алды.
Үлбі металлургия зауытында жұмыс істеген уақытында ол жүз жиырмадан астам рационализаторлық ұсыныстар берді. Михаил Александровичке 1974, 1979, 1980-1984 жылдары «Зауыттың үздік өнертапқышы» атағы, ал 1973, 1983 жылдары Бүкілодақтық өнертапқыштар мен рационализаторлар қоғамының Орталық Кеңесі Президиумының «Үздік өнертапқыш және рационализатор» атағы берілді.
М. А. Мишин өзінің бүкіл еңбек жолында зауыт пен қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласты. Өскемен депутаттары Кеңесінің ХХІ шақырылымының депутаты, Өскемен қалалық мәслихатының І, ІІ, ІІІ және ІV шақырылымдарының депутаты болып сайланды. М. А. Мишиннің белсенді өмірлік ұстанымы ҮМЗ қызметкерлерінің жас буыны үшін әрқашан жарқын бағдар болып табылды.
Еңбектегі жетістіктері үшін М. А. Мишиннің есімі «Зауыттың Құрмет кітабына» енгізілген, оған «Зауыттың үздік энергетигі», «Зауыттың құрметті ардагері» атақтары берілген. Михаил Александрович «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
М.А. Мишин туралы әдебиет
Литература о Мишине М. А.
Кітаптар - Книги
Мишин Михаил Александрович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 182-183.
Мақалалар - Статьи
Школота, Т. Энергетика жизни: [о Почетном гражданине г. Усть-Каменогорска М. Мишине] / Т. Школота. - // Усть-Каменогорск. - 2012. - 11 окт. - С. 6.