Известные имена

Климов С. А.

Климов Сергей АлександровичКлимов Сергей Александрович (1949 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1949 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Самар ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын жол басқармасында электриктің шәкірті болып бастады. Кеңес әскері қатарындағы қызметінен кейін Томск политехникалық институтына түсіп, оны 1975 жылы «инженер-электромеханик» мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Томск қаласында Электромеханика ҒЗИ-да инженер-электромеханик болып жұмыс істеді.
1980 жылдың 31 тамызынан бастап құрметті демалысқа шыққанға дейін Сергей Александрович Үлбі металлургия зауытының бериллий өндірісінде жұмыс істеп, әр түрлі лауазымдарда: инженер-конструктор, конструкторлық бюроның бастығы, конструкторлар тобының басшысы қызметін атқарды. Климов Сергей Александрович – өндіріске енгізілген қырықтан астам тиімді рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың авторы. С. А. Климовтың басшылық етуімен ең күрделі өндірістік міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті маман-конструкторлар ұжымы қалыптасты.
Сергей Александрович бес шақырылым бойы Өскемен қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды, бұл қатарынан жиырма жылдан астам уақыт. Қала шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды. Оған «Зауыт ардагері», ІІ дәрежелі «Қазақстан Республикасының атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атақтары берілді, В. П. Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты.

С. А. Климов туралы әдебиет
Литература о Климове С. А.

Кітаптар - Книги

Климов Сергей Александрович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 172-173.

Мақалалар - Статьи

Фадеева, О. В заложниках - дети: Депутат городского маслихата Сергей Климов бьет тревогу / О. Фадеева - // Устинка плюс. - 2004. - 6 авг. - С. 8.
Поломошнова, Л. Почетные устькаменогорцы: [депутат городского маслихата С. Климов и журналист А. Кантарбаев] / Л. Поломошнова. - // Усть-Каменогорск. - 2013. - № 49, 12 дек. - С. 6.
Человек дела: о талантливом инженере УМЗ и общественном деятеле Сергее Климове. - // Рудный Алтай. - 2019. - 15 августа. - С. 6.