Ақанов Сағынбек (1944) – ҚР мәдениет қайраткері, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Тарбағатай ауданы және Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.
10 тамыз 1944 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақанбозша ауылында дүниеге келген. Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектепті тәмамдағаннан кейін, 1964 жылы Семей педагогикалық институтына оқуға түседі. Алайда екінші курста Кеңес Армиясы қатарына әскери қызметке шақырылады. Әскерден оралған соң еңбек жолын аудандық газетте тілші болып бастап, кейін бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
1970 жылы Сағынбек Ақанов Алматы жоғары партия мектебіне оқуға түсіп, оны 1974 жылы ойдағыдай аяқтайды.
1974–1997 жылдары Тарбағатай аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Тұғыл кентінің әкімі және Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі күрделі жылдары білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала және мәдениет бағыттарындағы терең білімі мен тәжірибесінің арқасында көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене ат алысты.
1997 жылы облыс аудандарын қайта ұйымдастыруға байланысты Сағынбек Ақанов Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. Бұл қызметте 2008 жылдың ақпан айына дейін еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шықты.
Ұлан ауданының Таврия өңіріндегі елді мекендердің тарихи ономастикалық атауларын зерттеуге арналған «Туған өлке туралы не білеміз?» атты өлкетану еңбегінің авторы. Осы зерттеулердің негізінде оннан астам елді мекенге тарихи атаулары қайтарылды.
2010 жылдың ақпан айында облыстық Достық үйі жанынан «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігін құрып, бүгінгі күнге дейін оның төрағасы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған материалдарды жинақтау жөніндегі облыстық комиссияны басқарды.
1937–1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбаны болған 4000 адамның есімі енгізілген «Азалы кітап» (2011) жинағының редакторы, сондай-ақ «Ғасыр көші» (2013) кітабының редакторы.
2014 жылдың шілде айынан бастап облыстық ардагерлер кеңесінің ұсынысымен Өскемен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
С. Ақановқа 2021 жылы "Өскемен қаласының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін" төсбелгісі, 2004 жылғы 24 қазанда «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» құрметті атағы және 2024 жылы «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
С. Ақановтың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Аканова С.
Ақанов, С. Ақанбұлақ: естеліктер, өлеңдер / С. Ақанов. – Өскемен: Рекламный Дайжест, 2008. – 50 б.
Ақанов, С. Жыршылар жаршысы: Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыстық жыршылар байқауына қатысқан қиссагерлер анықтамалығы / С. Ақанов. - Өскемен, 2010
Ақанов, С. Ғасырлар ескен есілім, жырлармен жеткен есімің / С. Ақанов. – Өскемен: Рекламный Дайжест,2011. - 67 б.
Ақанов, С. Азалы кітап (атылғандар тізімі): Шығыс Қазақстан облысы бойынша жазықсыз құрбан болғандар туралы / С. Ақанов. – Өскемен: Рекламный Дайжест, 2011. - 296 б.
Ақанов, С. Ғасыр көші / С. Ақанов. – Өскемен: Рекламный Дайжест, 2013. - 403 б.
Ақанов, С. «Ғасыр көші» кітабы туралы (пікірлер, ұсыныстар) / С. Ақанов. – Өскемен: Нұр Отан партиясы ШҚОФ, 2014.- 35 б.
Ақанов, С. Ұрпақтар сабақтастығының желісі – Нить, связывающая поколения / С. Ақанов. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2021. - 31 б.
Ақанов, С. Жұмықтың ноқта ағасы / С. Ақанов. – Өскемен: Рекламный Дайжест, 2023.– 120 б.
С. Ақановтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы
мақалалары
Публикации Аканова С. в периодических изданиях и сборниках
Ақанов С. Ызғарлы жылдар жаңғырығы. Жетіарал жердің жәннаты, 2014.- Б. 256- 259.
Ақанов С. Бір ауылдың түлегі едік: Түсіпхан Мұқатов туралы, 2017.- Б. 11-16.
Ақанов С. Киелі қоныс құт мекен: энциклопедиялық басылым, 2018.- Төлендин Ақан өмірбаяны, Б. 107-109.
Ақанов С. Киелі қоныс құт мекен: энциклопедиялық басылым, 2018.- Ақанов Сағатбектің өмірбаяны, Б. 140-141.
Ақанов С. Тарбағатайдың тұғырлы тұлғасы.- Нұр-Сұлтан: TENGRI, 2022. - 216 б.- Ізденіспен өткен өмір: Шайкен Нұразханов туралы естелік.- Б. 128-133 б.
Ақанов С. Өнегелі ғұмыр. Арналы өмірдегі ел ағасы: Мұқаш Қарасаев туралы естелік, 2022.- Б. 112-116.
Ақанов С. Тарбағатай тарланы. Уәдеге берік, іскер азамат еді: Шәріпхан Халықов туралы естелік, 2023.- Б. 105-112.
Ақанов С. Еңбекпен өрілген ғұмыр: Төлеухан Аймұхамбет туралы естелік, 2023.- Б. 16-19.
Ақанов С. Қасиетті өлкенің қадірменді перзенті. Үш дос едік: Рамазан Нәбиев туралы естелік, 2025.- Б. 116-118.
Ақанов С. Ақылымның серігі, сөзімнің қаруы еді: Жоламан Нұрғазин туралы, 2025. – Б. 190-197.
***
Ақанов, С. Армысың, Абай елі! / С. Ақанов // Тарбағатай туы. - 1995. - тамыз
Ақанов, С. Өнер қадірлегенде ғана өркендейді / С. Ақанов // Ұлан таңы. – 2004. - 4 тамыз
Ақанов, С. Жыраулар түсті сайысқа / С. Ақанов // Дидар. – 2010. - 8 мамыр
Ақанов, С. Ғасырлар ескен есіл жыр / С. Ақанов // Дидар. – 2010. - 14 маусым
Ақанов, С. Жыршылар сайысы / С. Ақанов // Өскемен. 2010. - 2 қыркүйек
Ақанов, С. Ғасырлар ескен есіл жыр / С. Ақанов // Вестник Ассамблея. – 2010. - 8 қыркүйек
Ақанов, С. Алтын арқаудың ұлағатты істері / С. Ақанов // Ардагерлер айнасы. – 2014. - қазан
Ақанов, С. Жарқын болашаққа жетелейді / С. Ақанов // Дидар. – 2015. - 19 желтоқсан
Ақанов, С. Бірлігімізді бекемдей береміз / С. Ақанов // Ардагерлер айнасы. – 2016. - 1 қыркүйек
Ақанов, С. Тарбағатай ауданының құрылғанына - 90 жыл / С. Ақанов // Тарбағатай нұры. – 2018. - қазан
Ақанов, С. Тарихыңды тани біл / С. Ақанов // Ардагерлер айнасы. – 2018. - 14 желтоқсан
Ақанов, С. Ақсақалымыз Атыраудан олжалы оралды / С. Ақанов // Дидар. – 2019. - 21 наурыз
Ақанов, С. Тәуелсіздігіміз баянды болса деймін / С. Ақанов // Дидар. – 2020. - 1 қазан
2023. – 18 шілде
Ақанов, С. Тарбағатай төрінде - дүбірлі той / С. Ақанов // Дидар. – 2022. - 18 тамыз
Ақанов, С. Ардакүрең қаламгер: [Шакерхан Әзмұханбетұлы туралы] / С. Ақанов // Ардагерлер айнасы. – 2023. - 15 желтоқсан
Ақанов, С. Өмір мәңгі, ғұмыр қысқа:[Аманкелді Қажыбаев туралы] / С. Ақанов // Ардақты ардагер. – 2024. – №1
2024. - № 31,32,33
Ақанов, С. Армысың, Абай елі: [Қарауылда өткен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойынан] / С. Ақанов // Дидар. – 2025. - №34
***
Аканов, С. Призвание - творить добро: [о работе учреждений культуры Уланского района] / Аканов С. // Уланские зори. - 1999. - 24 апрель.
Аканов, С. Наша городость – ветераны / С. Аканов // У-Калейдоскоп. – 2015. - апрель
Аканов, С. Незабывамые встречи ветераны / С. Аканов // Рудный Алтай. – 2018. - 8 декабрь
С. Ақановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Аканова С.
Кунафиянов, К. Ұрпағыма ұлағат / К. Кунафиянов, 2022. - 176 б.
***
Исина Г. Ауылдың айтулы азаматы / Исина Г. // Рауан. - 2007. - 28 сәуір.- Б.2.