Известные имена

Әубәкірова Л. Р.

Әубәкірова Ленста Рахымжанқызы

Әубәкірова Ленста Рахымжанқызы (1939-2026) – педагог, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, еңбек ардагері, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

1939 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. 1962 жылы Өскемен педагогикалық институтын «математика және физика пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1962–1963 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы болып жұмыс істеді. 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданындағы С. Ковалевская атындағы сегіз жылдық мектептің директоры болып тағайындалды. 1963–1967 жылдары Қазақстан ЛКСМ Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік облыстық комитетінің мектеп бөлімін басқарды, Өскемен қалалық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1967–1969 жылдары Өскемен қаласындағы №4 орта мектепте тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары және математика пәнінің мұғалімі, №5 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етті.

1969 жылдан бастап Ленста Рахимжановнаның еңбек жолы Өскемен педагогикалық институтымен байланысты болды. Ол оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректордың орынбасары, кафедра меңгерушісі, педагогика кафедрасының профессоры қызметтерін атқарды. Жалпы алғанда, жоғары оқу орнында 50 жылдан астам еңбек етті.

Ленста Рахимжановна қоғамдық өмірге де белсенді араласты. Қазақстан комсомолы қалалық комитетінің, облыстық комитетінің және Орталық Комитетінің, мұғалімдер кәсіподағының облыстық комитетінің, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағының мүшесі болды. Әр жылдары балалар мен жастар арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысты.

Ол жоғары сынып оқушыларының алғашқы еңбек жасақтары мен алғашқы аула клубтарын ұйымдастырудың бастамашысы болды. Оның жетекшілігімен балалар хоккей командалары құрылып, мектеп оқушылары арасында «Алтын шайба» клубының жүлдесі үшін қалалық жарыстар ұйымдастырылды. Оның бастамасымен жасөспірімдерге арналған «Дзержинец» еңбек және демалыс лагері құрылды.

Ленста Аубакирова – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор. Оның көп жылғы еңбек жолы педагог кадрларды даярлаумен тығыз байланысты болды. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде кафедра меңгерушісі, декан, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертациялар қорғалды.

2017 жылы Ленста Рахимжановна Аубакироваға «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сол кезеңде ол педагогика кафедрасының профессоры әрі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ардагерлер кеңесінің төрайымы болды. Сонымен қатар қалалық «Қазақ тілі» қоғамының, қала әкімдігінің ономастикалық комиссиясының және білім басқармасының сараптамалық комиссиясының мүшесі қызметін атқарды.

2024 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ленста Рахимжановнаның 85 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Ленста Рахимжановна КПСС Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен (1981), «Еңбек ардагері» медалімен (1987), «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен (1988), КЛКЖО Орталық Комитетінің «Үздік мұғалім-комсомол мүшесіне» белгісімен (1989), КСРО Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің «Еңбектегі үздік жетістіктері үшін» төсбелгісімен (1990), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2003 жылғы желтоқсан), Абай медалімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медальмен марапатталған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2017).

Ленста Рахимжановна Аубакирова 2026 жылғы тамыз айында қайтыс болды.

Л. Р. Аубакированың ғылыми еңбектері
Научные труды Аубакировой Л. Р.


Аубакирова, Л. Р. Білім беру технологиялары. – Өскемен, 2006.

Л. Р. Аубакирова қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Л. Р. Аубакировой


Студенческое самоуправление : учебно-методическое пособие / Л. Р. Аубакирова, Н. К. Аяганова. – Усть-Каменогорск, 2003. – 94 с.
Организация педагогической практики в системе непрерывной профессиональной подготовки : методические указания / А. К. Игибаева, Н. А. Завалко, Н. С. Мышко, Л. Р. Аубакирова, Г. Т. Токтарова, М. К. Кусаинова, Н. Б. Игисинова, Н. И. Суханова. – Усть-Каменогорск, 2005. – 56 с. 
Сұрақ және жауап түріндегі педагогика : оқу құралы / Л. Р. Аубакирова, Г. Т. Токтарова. – Өскемен : ШҚМУ баспасы, 2007. – 95 б.


Л. Р. Аубакированың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Л. Р. Аубакировой в периодических изданиях и сборниках


Аубакирова, Л. Р. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының орны / Л. Р. Аубакирова, А. Д. Кунапьянова // С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары. – Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004. – 392 б. 
Кунапьянова, А. Д. Тіл мәдениетінің өлшемдері және оған қойылатын талаптар / А. Д. Кунапьянова, Л. Р. Аубакирова // «С. Аманжолов оқулары – 2004» : халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004. – 464 б. 

Л. Р. Аубакирова туралы әдебиеттер
Литература о Л. Р. Аубакировой


Малько, Л. Удивительная женщина по имени Ленста стала почетным гражданином ВКО / Л. Малько // Казинформ. – 2017. – 8 марта.
Лица университета: Ленста Аубакирова // Восточно-Казахстанский университет имени С. Аманжолова. – 2024. – 25 июля.
В ВКУ отметили юбилей ветерана вуза // Восточно-Казахстанский университет имени С. Аманжолова. – 2024. – 28 мая.
Аубакирова Ленста Рахимжановна // Комсомольская юность, никогда ты покоя не знала… .


Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы 


Лица университета: Ленста Аубакирова // Восточно-Казахстанский университет имени С. Аманжолова : [сайт]. – Режим доступа: https://vku.edu.kz/ (дата обращения: 20.08.2026).
В ВКУ отметили юбилей ветерана вуза // Восточно-Казахстанский университет имени С. Аманжолова : [сайт]. – Режим доступа: https://vku.edu.kz/ (дата обращения: 20.08.2026).
Малько, Л. Удивительная женщина по имени Ленста стала почетным гражданином ВКО // Казинформ : [сайт]. – Режим доступа: https://www.inform.kz/ru/udivitel-naya-zhenschina-po-imeni-lensta-stala-pochetnym-grazhdaninom-vko_a3006001 (дата обращения: 20.08.2026).
Аубакирова Ленста Рахимжановна // Комсомольская юность, никогда ты покоя не знала… : [сайт]. – Режим доступа: https://komsomol-100.narod.ru/kniga/kniga6.htm#АУБАКИРОВА_Ленста_Рахимжановна (дата обращения: 20.08.2026).