Известные имена

Геворкян А.И.

геворкян

Геворкян Арсентий Иванович (1936-2022) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

Арсентий Иванович Геворкян 1936 жыл 21 қыркүйекте Орджоникидзе қаласында туған. Өскемен қаласындағы тұрғын үй құрлысын ұйымдастырушы, ірі панелді үй құрлысының дамуына үлес қосқан. Тұрғын үй тапшылығы жағдайында қаладағы әрбір бесінші үй Геворкян басшылық еткен ұжымның қолымен салынған. Оның басшылығымен ондаған балабақша, дүкендер, панельді жатақханалар салынған. А.И. Геворкян – Шығыс Қазақстна гуманитарлық институтының негізін қалаушылардың, Халықтар Достығы үйін ашудағы бастамашыларының бірі болды. Бірнеше мәрте еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Өскемен қалалық мәслихатының 1996 жылы 10 қазандағы шешімімен А.И. Геворкянға «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2001 жылы Қазақстан құрлысшылар Одағы Арсен Геворкянға «Даңқты құрылысшы-өндірісші» деген атақ берді.
2022 жылы 2 мамырда қайтыс болды.

                                                       Геворкян А. И. туралы әдебиеттер
                                                          Литература о Геворкяне А. И.
Құрмет кітабы. Өскемен қаласы. = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / идея авторы және жетекшісі Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - 208 б.
                                                                                ***
Арсен Геворкян - в золотой книге // Рудный Алтай. - 2001. - 10 февр. - С. 1.
А. И. Геворкян // Пуссеп Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска. - Усть-Каменогорск, 2008. - С. 66 - 67.
Бортник, П. А он кряжистый стоит упрямо : [О дир. усть-каменогор. домостроит. комб. А.И. Геворкяне] / П. Бортник // Рудный Алтай. - 1996. - 19 сент.