Мария Ивановна Коротина (1927), дәрігер, Өскемен қаласының Құрметті азаматы
Мария Ивановна Коротина Тула қаласының тумасы. Өскемен қаласының бас хирургы, жедел медициналық жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. Жүздеген науқасқа көмек көрсету арқыл Өскемен қаласының денсаулық сақтау саласын дамытуға 47 жыл бойы үлес қосып келеді. Дәрігер анестезиология-жан сақтау, урология, нейрохирургия, балалар хирургиясы, бет-жақ хирургиясы, травмотологиялық пункт бөлімдерін ашуға да ат салысқан. Жедел медициналық жәрдем ауруханасының емдеу бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарған. ҚазССР Жоғарғы Кеңесіне және өзге де түрлі дәрежедегі Кеңестерге депутаттыққа бірнеше мәрте сайланған. Үкімет сыйлықтарымен, соның ішінде Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Әдебиет
Коротина Мария Ивановна // Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. – С. 78 -79.