Известные имена

Лесечко А.К.

Лесечко А.К. Алексей Кузьмич Лесечко (1925 - 2004 жж.) Өскемен қаласының Құрметті азаматы

А.К.Лесечко Көкшетау облысы, Рузаев ауданының, Андреевка ауылында 1925 жылы 17 қарашада дүниеге келген. Оның балалық шағы қаһарлы 1943 жылға сәйкес келді. 18 жасында Совет әскеріне шақырылып, Алматы жаяу әскер училищесін тәмәмдаған. 1944 жылы Белорус майданы әскерінің 8-гвардиялық жеке әуе десанттық бригадасының қатардағы жауынгері болды. Әскерден қайтқан соң, 1950 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтына оқуға түсіп, инженер-металлург мамандығын алып шығады.

Еңбек жолын Ертіс мыс балқыту зауытында шахта пештерінің көрікшісі, кейін - ауысым шебері, цех бастығы дәрежесіне жеткен. Әріптестері Алексей Кузьмичті : « ... Ол қайырымды және зейінді. Жұмысшылар онымен өндіріс жөнінен де, жеке өмірлері жайында да кез-келген сұрақтарымен ақылдасып отыратын. Ол алдымен мұқият тыңдап алып, сосын дұрыс кеңес беріп отырған»,- деп құрметтеген.

 1970-80-е гг.1963 жылдан А.К.Лесечко партия жұмыстарымен айналысты. 1965 жылы Алексей Кузьмич ШҚ обкомы Қазақстан КП еңбекшілерінің Облыстық Кеңесі депутаттарының атқарушы комитетінің партия-мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып сайланады. 1966 жылы – партия обкомының өнеркәсіптік-көлік бөлімінің меңгерушісі болады. А.К.Лесечко 1971 жылдың маусымынан Қазақстан КП Өскемен қалалық комитетінің 1-хатшысы болып сайланады, мұнда ол 13 жыл бойы қызмет атқарған.

Лесечко мінездемелерінен: «... Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен құрылыс ұйымдары ойдағыдай жұмыс атқаруда. Қалада ірі өнеркәсіп және мәдени-тұрмыстық объектілер, тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар мен балалар мекемелері салынуда». Мінездеме іспен де дәлелденуде: керамика зауыты құрылысқа енгізілді, Қазақстан ауыр өнеркәсіп арматурасы, Шығыс машина жасау зауыты мен ҚМК-ң қуаты кеңейді; Ертіс жағалауы мен жаңа тұрғын шағын аудандары салынды. Өскемен қаласының қамын ойлау – оның жұмысының басты мәні еді.

А.К.Лесечконың жалпы еңбек өтілі – 42 жыл. Оның еңбегі екі мәрте «Құрмет Белгісімен», «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, көптеген медальдармен марапатталды. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. А.К.Лесечко зейнеткерлік демалысқа шықса да, қала игілігі үшін қоғамдық жұмыстарға араласуын тоқтатпаған. Өскемен қалалық мәслихатының 2001 жыл 27 желтоқсандағы шешімімен А.К.Лесечкоға «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Толығырақ…