Известные имена

Сухорукова В. Н.

Сухорукова Вера Николаевна

Сухорукова Вера Николаевна (1951-2020 жж.) - Өскемен қаласының құрметті азаматы

Вера Сухорукова 1951 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха селосында туған.
1968-1973 жж. Өскемен құрылыс-жол институтында оқыған. Мамандығы –инженер-экономист.
1989 ж. КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясын бітірген. Ғылыми коммунизм пәнінің оқытушысы.
1973-1977жж. Жезқазған облыстық коммуналды шаруашылық басқармасының жоспарлау бөлімінің бастығы, аға экономисі.
1977-1984жж. – Жезқазған қалалық Компартиясының бөлім меңгерушісі, инструктор.
Қалалық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитетінің орынбасары, бірінші орынбасары, Әкімшілік басшысының бірінші орынбасары, Жезқазған облысының әкімі (09.1984-04.1996).
04.1996-09. 1999 жж. –Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ШҚО экономика басқармасының бастығы, «АБС Шығыс» ЖШС-нің директоры.
09.1999.-01.2003жж. – Өскемен қаласының әкімі.
2003-2004 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты (19.09. 2004-20.06.2007), Экономикалық қайта құру, өңірлік даму Комитетінің төрағасы.
ҚР Парламенті «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі. «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
«Құрмет» (2001, «Барыс» (2001) ордендерімен, үш медальмен (1992,2005, 2006) марапатталған. Өскемен қаласының Құрметті Азаматы.

В. Н. Сухорукова туралы әдебиет

Литература о В.Н. Сухоруковой


Сухорукова В.Н. Өркенді өзгерістер ордасы [Мәтін] : [Қала әкімі Вера Николаевна Сухоруковамен сұхбат] / Сухорукова В.Н. // Егемен Қазақстан. - 2000. - 26тамыз.- Б.2.

Тоқпатаев У. Патша көңіл, мәрт мінез, сырлы сезім [Мәтін] : [Өскемен қаласының әкімі Вера Сухорукова жайлы бір үзік сыр ] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2001. - 7 тамыз.- Б.2

Кратенко А. 100 дней Веры Сухоруковой / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 2000. - 1 янв. - С. 2.
Сухорукова В. Н. // Пуссеп Г. Почетные граждане Усть-Каменогорска, 2008. - С. 98 – 99.
Шепель О. Вера Сухорукова: " Подводя итоги трехлетней деятельности, есть о чем подумать, поразмыслить..." / О. Шепель // Устинка плюс. - 2002. - 30 авг. - С. 3.