Известные имена

Дорош В.А.

Дорош Виктор Ануфриевич – май және ірімшік жасау шебері, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік еңбек ардагері.Дорош Виктор Ануфриевич (1924-2009) – май және ірімшік жасау шебері, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік еңбек ардагері.

1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое ауылында дүниеге келген. 1924 жылдан бастап КПСС мүшесі.

1941 жылы Павлодар ФЗО (фабрика-завод оқуы) бітірген. Еңбек жолын 1942 ж. Предгорное май заводында мастердің көмекшісі болып бастаған. 1942 жылы қазан айында Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қоршаудағы Ленинградты қорғауға қатысып, контузия алады. Кейін сержант атағымен «Катюша» миномет құрылғысының жүргізушісі болды. Нарва, Таллин, Рига, Варшава майдандарына, Кенигсбергті алуға қатысқан.    

Соғыстан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облысының Предгорное, Усть-Нарым, Пролетар, Украина май зауыттарында мастер болып жұмыс істеді. Кешкі мектепті бітірген соң, 1996 ж. Мәскеу тамақ өнеркәсібі техникумында  (қазір Мәскеу тамақ өнеркәсібі колледжі) сырттай оқып, диплом алады. 1955-1984 жж. – Предгорное май зауытының аға мастері. 1984 жылдан бері зейнеткер.   

Ұзақ жылғы іс-тәжірибесі мен білімі Виктор Ануфриевичке тіпті сонау 50-жылдардың соңында да майды үздіксіз өндіру желісін игеруде көмегін тигізді. Нәтижесінде сүт өңдеу бір ауысымда 21,7 тоннаға кеңейді. Дайын өнім бірлігінің уақыт шығыны 2,5 - 3 ретке қысқарып, майдың өзіндік құны азайды және сапасы жақсарды. В.А.Дорош өндірген май өнімі барлық дәмдік-сапалық жағынан републикалық смотр-конкурста жоғары бағаға ие болды, ал, Мәскеуде өткен көрмеде еліміздегі ең үздік өнім деп танылды. Оның жоғары сапалы май, ірімшік және тағы басқа өнімдер шығарудағы тәжірибесі облыстың барлық кәсіпорындарына таратылды. Ол «Жоғары сапа шебері» атағының иегері.

Республикамыздың май өндірушілері қатарынан Дорош Виктор Ануфриевичке СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 26 сәуірдегі Бұйрығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ және Балға» алтын медалімен марапатталды. 

Предгорное май зауытының коммунистері В.А.Дорошты бірнеше рет партия ұйымының хатшысы, ауыл тұрғындары ауылдық Кеңес депутаттығына сайлады. 

«За боевые заслуги», «За оборону Ленинграда», «За взятие Кенигсберга», «За освобождение Варшавы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» төсбелгілері, сүт өнімдерін өңдеуде жаңа технологияны енгізгені үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен (1966) марапатталған.

2009 ж. 5 маусымда қайтыс болды.

 

 

Деректер

Источники

 

 

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Дорош Виктор Ануфриевич: б. 317.