Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Змиенко Я. Н.

Змиенко Яков Никифорович - тракторшы, механизатор, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.Змиенко Яков Никифорович (1922-ө.ж.б.) - тракторшы, механизатор, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы (қазір Ұлан ауданы) Степное ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын соғысқа дейін «Восход» колхозында бастаған. 1956 жылдан КПСС мүшесі.

1942-1945 жж. Қызыл Армия қатарында әскери міндетін өтеді. Ұлы Отан соғысына қатысып, жарақат алған. 1955-1961 жж. - Ворошилов және Калинин атындағы колхоздарда тракторшы, егіс бригадирі. Кейінгі жылдары – Таврия ауданы (қазір Ұлан ауданы) «Каменский» совхозында зейнетке шықты.

Үздіксіз еңбек, техниканы шебер меңгеру, іске шығармашылық көзқарас, ауыл-шаруашылығы өндірісінің барлық күш-қуатын пайдалану арқылы жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. Ол тоғызыншы бесжылдық жылдары (1971-1975) ДТ-75 тракторымен жоспардағы 4500 гектардың орнына 6870 гектар жер жыртты. Сондай-ақ, СКД-5 дән жинау комбайнымен 38 мың центнердің орнына 42 мың 376 центнер дән бастырды. Бес жылда жеті жылдық жоспар мөлшерін орындады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1972 жылғы 13 желтоқсан Жарлығымен астық жинауда және мемлекетке дән, қант қызылшасы, мақта т.б. өнімдер өткізуде қол жеткізген жетістіктері үшін Я. Н. Змиенкоға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 9 шақырылымының депутаты (1975-1979). Бірнеше мәрте Каменск ауылдық және Таврия аудандық Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің мүшесі болып сайланған.

2 Ленин ордені (1967; 1972), Октябрь революциясы ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы (1985), «Құрмет белгісі» (1957), «Ерлігі үшін» (1943), «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталды.

Қайтыс болған жылы белгісіз.

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Змиенко Яков Никифорович: б. 370.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.

Змиенко Яков Никифорович [Электронный ресурс] // Герои страны: сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20318 (09.01.18)