Известные имена

Кузьмин Н. Ф.

Кузьмин Николай Федорович Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

Кузьмин Николай Федорович (1925-1992) – Қазақстан Компартиясы Зырян қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Шемонайха қ. дүниеге келген. 1942 жылы Белоусовка кенішінде қопарушы болып жұмыс істейді. 1943-1945 жж. Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 ж. КПСС мүшесі. 1946 жылы Шемонайхада экономист-жоспарлаушы болып қызмет етті. 1947-1961 жж. Комсомол және партия қатарында басшылық қызметтер атқарған. 1961 ж. – Катонқарағайда, 1963 ж. - Зырян аудандық партия комитетінде бірінші хатшы, 1965-1980 жж. – Қазақстан Компартиясы Зырян қалалық комитетінде - бірінші хатшы болды.
Зырян қ. партия ұйымына жетекшілік етіп, қорғасын комбинатының өндірістік қуатын көтеруге басты назар аударды. Сол кезде кәсіпорын құрылысының екінші кезеңі аяқталып, үшінші кезеңі басталды, кен игеру, қорғасын мыс пен мырыш шығару және өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ол қаланың көптеген шаруашылықтарына басшылық жасап, ет-сүт, азық-түлік, көлік және байланыс, қоғамдық тамақтану салаларына баса назар аударды. Оның қатысуымен Зырян қаласында ет комбинаты, май және нан зауыттары, автокомбинат, Байланыс Үйі, Мәдениет Үйі, «Знамя» кинотеатры және мәдени-тұрмыстық нысандар салынды. Қалалық комитеттің бірінші хатшысы мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру, халыққа медициналық көмек көрсету жағдайына көп көңіл бөлді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 30 наурыздағы Жарлығымен түсті металдарды дамытуға қосқан үлесі үшін Н. Ф. Кузьминге Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды.
2 рет Ленин орденімен (1971), 2-дәрежелі Отан соғысы (1945), Еңбек Қызыл Ту (1944) ордендерімен, медальдармен марапатталды.
1980 жылдары зейнетке шықты. Зырян ауданы Зырян (қазіргі Алтай) қаласында тұрды.
1992 жылы 5 желтоқсанда қайтыс болды.


                                              Н. Ф. Кузьмин туралы әдебиеттер
                                               Литература о Н. Ф. Кузьмине
Шығыс Қазақстан облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Кузьмин Николай Федорович: б. 411.
Герои Социалистического труда – казахстанцы. - Алма-Ата : 1985.

                                                      Интернет ресурстар
                                                       Интернет-ресурсы
Кузьмин Николай Федорович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=19020 (09.01.18)