Известные имена

Есімдер

Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.

Нарыншинов С. З.

Нарыншинов Сақыбай Зарлықанұлы – Зырян қорғасын комбинаты бұрғышыларының бригадирі, Социалистік Еңбек Ері.Нарыншинов Сақыбай Зарлықанұлы  (1932-ө.ж.б.) – Зырян қорғасын комбинаты бұрғышыларының бригадирі, Социалистік Еңбек Ері.

1932 ж. Шығыс Қазақстан облысы (Катонқарағай ауданы) Большенарым ауданының Свинчатка селосында дүниеге келген. 1953 жылдан бастап КПСС мүшесі.

Еңбек жолын 1948 ж. «Теректі» кен орнында «Трудовик» артелінде жұмысшы болып бастаған. 1955-1973 жж. пневмобұрғылау бригадасын басқарды. Кейін бұрғылау мастері, Зырян қорғасын комбинатының Маслянск кен орнының жер асты бұрғылау учаскесінің мастері (1962 ж. – КПСС XXII съезд атындағы кеніш) болды. 1973 ж. бастап зейнетке шыққанға дейін Зырян қорғасын комбинатының «Рахман қайнары» шипажайының  Тұрғын-үй коммуналдық учаскесі комбинатында прораб болып еңбек етті.    

Елуінші жылдары С.З. Нарынчиновтың бастамасымен бұрғылау технологиясын үздік игеру, механизмдер мен құрал-жабдықтарды  үлгілі ұстау қозғалысы басталды, ол бұрғышылар жұмысын жаңаша, барынша прогрессивті түрде ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру барысында С.З.Нарыншинов бригадасы кенішке келген жаңа техниканы табысты игеріп, кемшіліктерін жойды, ескі бұрғылау құралдарын жаңартты. Тек бригадирдің өзі 17,8 мың руб. үнем тиімділігі бар 16 өнертабыстық ұсыныс берді.

Сақыбай Зарлықанұлы комбинат бұрғышыларының еңбегін ұйымдастыру барысында жинақталған іс-тәжірибені сөзімен де ісімен де насихаттады. Ол жиырмадан аса жас жұмысшыны үйретіп шығарды. С.З.Нарыншиновтың бұрғылау тәжірибесі басқа да еңбек ұжымдарында таратылды. Нәтижесінде Зырян қорғасын комбинаты кеніштерінде еңбекті кешенді ұйымдастыру және бұрғышылар бригадасын толық электр-слесарьлық қызметпен қамту кеңінен өріс алды. С.З.Нарыншинов ұжымының тәжірибесін тарату КПСС XXII съезі атындағы кеніштің еңбек өнімділігін көтеруге ықпалын тигізді. Сегізінші бесжылдық жылдары ол 30 пайызға өсіп, ауысымдағы әр адам үшін 3,82 текше метрге жетті. Бұл Кеңес Одағы түсті металлургиясының тау-кен кәсіпорындары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.  

Озат бұрғышылар бригадасы сегізінші бесжылдықтағы өндірістік тапсырмаларын 1970 жылы 12 қарашада толық орындап, жаңа техника мен технология енгізу есебінен 8 мың рубль үнем жасады. 

Түсті металлургияны дамытудағы табысты еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 30 наурыз Жарлығымен С.З.Нарыншиновқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

С.З.Нарыншинов КПСС XXII съезінің делегаты, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің жетінші және сегізінші шақырылымының депутаты, Шығыс Қазақстан облыстық Халық депутаттары Кеңесіне депутат болып сайланды.

Ленин ордені (1971), Еңбек Қызыл Ту ордені (1961), медальдармен марапатталған.

Өскемен қаласында тұрды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Нарыншынов Сақыбай Зарлықанұлы: б. 566.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Нарынчинов Сакыбай Зарлыканович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20305 (11.01.2018)