Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Немцев И. Е.

Немцев Илларион Елисеевич – Лениногор ағаш өнеркәсібі шаруашылығының ағаш дайындау бригадасының бригадирі, Социалистік Еңбек Ері.Немцев Илларион Елисеевич (1929-ө.ж.б.) – Лениногор ағаш өнеркәсібі шаруашылығының ағаш дайындау бригадасының бригадирі, Социалистік Еңбек Ері.

1929 жылы Шығыс Қазақстан облысы Риддер ауданы (қазір Риддер қаласы) Вдовино п. дүниеге келген. 1968 жылдан КПСС мүшесі.

Еңбек жолын 1942 жылы ауылдық тұтыну қоғамында бастады. 1949-1951 жж. Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1951-1955 жж. – Лениногор полиметалл комбинаты (қазір Казцинк ЖШС құрамында) Андреев кен орны және Ағаш өнеркәсібі шаруашылығында жүргізуші болды. 1955-1972 жж. – ағаш кесуші, шағын ағаш дайындау бригадасының бригадирі. 1972 ж. – Қазақ орман шаруашылығы бірлестігі Лениногор ағаш өнеркәсібі шаруашылығының Сакмариха учаскесінің жүргізушісі болды.

1954 жылы Лениногор ағаш өнеркәсібі шаруашылығында ағаш кесіп құлату шеберлігін меңгеріп, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. 1957 жылы шағын ағаш дайындау бригадасын басқарып, жетіжылдық бойы (1959-1965) өндірістік жоспарын асыра орындады.

И. Е. Немцев сегізжылдық жоспарды төртжарым жылда орындау туралы бастама көтерді. И.Е.Немцев басқарған бригада бес жылдық жоспарды үш жарым жылда орындап, отанға жоспардан тыс 20 мың текше метр ағаш өткізді.

Ағаш дайындауға қосқан үлесі және бесжылдық жоспарды орындауда қол жеткізген жетістіктері үшін Лениногор ағаш өнеркәсібі шаруашылығының ағаш дайындау бригадирі И.Е.Немцевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 7 мамыр Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

Ағаш кесушілер И.Е.Немцевті бірнеше мәрте Еңбекшілер депутаттарының Лениногор қалалық Кеңесіне депутат, Сакмарихин ағаш дайындау учаскесінің парткомы және цех кәсіподақ комитетіне мүше етіп сайлады.

Ленин ордені (1966, 1971),  «Қажырлы еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуынабайланысты» медалімен(1970) марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысында тұрды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Немцев Илларион Елисеевич: б. 568.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Немцев Илларион Елисеевич [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20319 (11.01.2018)