Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Омаров С.

Омаров Сағындық – Өскемен ЖЭО турбинасының аға машинисі, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.Омаров Сағындық (1913-1979) – Өскемен ЖЭО турбинасының аға машинисі, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1913 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қызыл тас ауылында дүниеге келген.

1930 жылдары Риддерде құрылысшы болып жұмыс істеді. 1939 ж. -  Риддер кен-металлургия комбинатының турбина цехының машинисі. 1941-1947 жж. Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеген. Ұлы Отан соғысында  2-ші теміржол батальоны қатарында ұрысқа қатысты. Елге оралған соң 1947-1973 жж. – Алтайэнерго ММ Өскемен ТЭЦ-інде (қазір «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС құрамында) аға машинист болып жұмыс істеді.

Ол 1949 жылы Өскемен ТЭЦ энергопоездерін монтаждау және пайдалану жұмыстарына жіберілді. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазір Казцинк ЖШС) электр энергиясы тапшы болды, сол кезде С.Омаров энергопоездарды іске қосуға бар күш-жігерін жұмсады.

Өскемен ТЭЦ-інің өркендеп кеңеюіне байланысты С.Омаров тәжірибелі маман ретінде жаңадан енгізілген құрал-жабдықтарды игеру және пайдалану жұмысына ауыстырылды.

Аға машинист Сағындық Омаровтың апатсыз және жоғары үнемді еңбегі Өскемен ЖЭС ұжымының жоспарды табысты орындап шығуға ықпалын тигізді. Тек, сегізінші бесжылдық жылдары кәсіпорынның жалпы өнімі - 189,1 пайыз, жылу қуатын беру - 134,1, еңбек өнімділігі - 144,5 пайыз өсті.

Өскемен жылу электр станциясында ширек ғасыр еңбек еткен С.Омаров 25 өнертабыстық жаңалық ұсынып, 20 жас маманды турбина машинисі мамандығына дайындады. Еңбекке коммунистік көзқарасы, Жылу Электр Станциясының қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 1961 жылы коммунистік еңбек екпіндісі атағы берілді.

Сағындық Омаров Өскемен ЖЭС ұжымында құрметті адамның бірі болды. Цехтың кәсіподақ комитетінің мүшесі және төрағасы, Заульба ауылдық Кеңесінің депутаты, облыстық кәсіподақ ұйымының мүшесі болып сайланды. Бүкілодақтық, республикалық кәсіподақтар съезінің делегаты. 

Еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Сағындық Омаровқа 1971 жылы 20 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды.

1973 жылы зейнетке шықты.

Ленин ордені, «Құрмет белгісі», «Еңбек үздігі», «Қажырлы еңбегі үшін»,  «За взятие Кенигсберга», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

1979 жылы қайтыс болды. 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Омаров Сағындық: б. 590.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Омаров Сагындык [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20320 (11.01.2018)