Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Қателік
  • Failed deleting 974c8ff3826ae6f17d36205eb48798a4.css

Сүлейменов Б. К.

Сүлейменов Балғабек Қамалұлы – «Шалабай» шаруашылығында аға бақташы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.Сүлейменов Балғабек Қамалұлы (1924-1978) – «Шалабай» шаруашылығында аға бақташы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ала-Айғыр кеніші поселкесінде дүниеге келген. 1947 жылдан бастап КПСС мүшесі.

Еңбек жолын 1940 жылы туған ауылында машинист болып бастады. 1942-1948 жж. /НКВД - МВД СССР/ әскері қатарында қызмет етті. 1949-1951 жж. – Шар ауданы (Жарма ауданы) Шалабай ауылдық Кеңесінде салық агенті болды. 1951-1958 жылдары – ферма есепшісі, жұмысшы, 1958 жылы – «Шалабай» совхозында аға бақташы жұмыстарын атқарды.

Балғабек Қамалұлы асыл тұқымды мал өсіруге бар күш-жігерін салды. Мал күтімі, мал азығының құнарлы болуы жақсы нәтижелер берді. Тек сегізінші бесжылдық жылдары мемлекетке 522 бас өгіз бен бұзау өткізді. Олардың орташа салмағы жоспардағы 750 орнына 850-1100 грамм құрады. Мал өсірудегі табысты еңбегі үшін Балғабек Сүлейменов үш мәрте (1967, 1968, 1969) СССР ВДНХ көрмесіне (Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі) қатысты.

Балғабек Сүлейменов ауылдық Кеңеске депутат, совхоз парткомы, Қазақстан Компартиясы обкомына мүше болып сайланды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 8 сәуір Жарлығымен Б.К.Сүлейменовке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

«1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Совет Армиясы мен Флотына 30 жыл» медальдары, екі Ленин ордені, «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай қажырлы еңбегі үшін» медалі,  СССР ВДНХ көрмесінің (Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі) екі мәрте күміс және қола медалімен марапатталды.

1978 жылы қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Сұлейменов Балғабек Камалұлы: б. 712.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Сулейсенов Балгабек Камалович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20311 (11.01.2018)