Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Төлеубеков Р.

Төлеубеков Рахымғали – «Жарбұлақ» совхозының директоры, Социалистік Еңбек Ері.Төлеубеков Рахымғали (1927-ө.ж.б.) – «Жарбұлақ» совхозының директоры, Социалистік Еңбек Ері.

1927 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының №8 ауылында дүниеге келген.

Жетіжылдық мектепті Благодарное (қазір Келдімұрат) ауылында бітірді. 1942 жылдан статист, кейін Семей облысы Мақаншы ауданында (қазір Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы) салық инспекторы болды. Өндірістен қол үзбей ауылшаруашылығы техникумын аяқтады. 1954 жылы КПСС қатарына өтті.

1954-1958 жж. – Мақаншы машина-трактор станциясында (МТС) агроном. 1958-1959 жж. – агроном, 1959-1961 жж. – партком хатшысы, 1961-1963 жж. – С.М.Киров атындағы (қазір Үржар ауданы) колхоз бастығы. 1963 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін Мақаншы ауданы (қазір Үржар ауданы) С.М. Киров атындағы колхоз негізінде құрылған «Жарбұлақ» совхозында директор болды.

Сегізінші бесжылдық жылдары (1966-1970) Р.Төлеубеков басқарған совхоз әр 100 қойдан 122 қозы алып, орташа жүн қырқу салмағы артты.

1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен ауылшаруашылығы өндірісін дамытып, мемлекетке ауылшарушылығы өнімдерін өткізуде бес жылдық жоспарын асыра орындағаны үшін Р.Төлеубековке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» медалі тапсырылды.

Қазақстан Компартиясының XIV съезі, ВЦСПС XV съезінің делегаты. Еңбекшілер депутаттарының Семей облыстық Кеңесінің депутаты (1957 жылы), Қазақстан Компартиясы Мақаншы аудандық партиясының мүшесі болып сайланды.

Үржар ауданында тұрды.

Екі Ленин ордені (1966; 1971), Октябрь Революциясы, (1973), Халықтар достығы (1980), «Құрмет белгісі» (1957) медальдарымен, СССР-дің Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі (ВДНХ) медалімен марапатталды. Қазақ ССР-інің Ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкер атағының иегері (1972).

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Төлеубеков Рақымғали: б. 752.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Тулеубеков Рахимгали [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20313 (12.01.2018)