Өмірбеков Тілеуқабыл (1939 ж.) – Калинин атындағы совхоздың аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылында шопан отбасында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1958 жылы Шұбартау ауданы (қазір Аягөз ауданы) Калинин атындағы совхозда шопан болып бастаған. Кейін аға шопан болды. 1967 жылы КПСС қатарына өтті.
Жұмыс барысында әр жүз қойдан 120 қозы алуға міндеттеме алып, оны асыра орындады. Жас шопан әр жүз қойдан 125-тен қозы алып, әр қойдан 3,5 килограмм жүн қырықты. Т.Өмірбеков ұзақ жылдар бойы осы көрсеткішін сақтады. Отардағы мал басы жыл сайын өсім беріп отырды. Шопан өз жұмысында ғылым мен озат тәжірибені пайдаланып, облыс, аудан жас шопандары, белгілі қойшылар арасында өз іс-тәжірибесін таратты. Тоғызыншы бесжылдықтың шешуші 1973 жылы Бүкілодақтық социалистік жарысқа қатысты. Ол әр жүз қойдан 135 қозы алып, әр қойдан 3,2 килограмм жүн қырқып, міндеттемесін артығымен орындады.
Бүкілодақтық социалистік жарыста қол жеткізген жетістіктері және 1972-1973 жж. мал өнімдерін әзірлеуде міндеттемесін артығымен орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Т.Өмірбековке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.
1973 жылы Шұбартау ауданы (қазір Аягөз ауданы) Калинин атындағы совхоздың бір фермасында ұйымдастырылған «Бақанас» совхозының комсомол жастар бригадасында тәлімгер-бригадир болып жұмыс істеді.
КПСС XXIV съезінің делегаты (1971). Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының депутаты және мүшесі, Қазақстан Компартиясы Семей обкомының мүшесі болып сайланды.
2 Ленин ордені (1971, 1973), Октябрь революциясы ордені (1981), «Құрмет белгісі» (1966), медальдармен марапатталды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Өмірбеков Тілеуқабыл: б. 606.
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.
Умирбеков Тлеукабыл [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20314 (12.01.2018)