Известные имена

Суретшілер

Красикова Н. В.

Красикова Наталья Викторовна – суретші, кескіндемеші, педагог, өнер теоретигі, Ресей Суретшілер одағының мүшесі.Красикова Наталья Викторовна (1955 ж.) – суретші, кескіндемеші, педагог, өнер теоретигі, Ресей Суретшілер одағының мүшесі.

1955 жылы Белорусияның Слуцк қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Семей педагогикалық институтының (қазір Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық университеті) көркем-графика факультетін бітірді. Институттан кейін «ИЗО» кафедрасында аға оқытушы болып 19 жыл қызмет етті.

Ғылыми зерттеулермен айналысып, Мәскеу қаласында Ғылыми-зерттеу институтында іс-тәжірибеден өткен. Республика, облыс, қала деңгейінде өткен көрмелерге қатысып, суретші-оқытушылардың шығармашылық бірлестігінің мүшесі болды.

1990 жылдың ортасында РФ Барнаул қаласына келіп, мәдениет колледжі, тоқыма техникумы, №1 өнер мектебінде қызмет етті.

Қазіргі күні И.И.Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің Архитектура және Дизайн институтының «Бейнелеу өнері» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді.

Қазір шығармашылық жұмыспен айналысуда.

 

 

Деректер

Источники

 

 

Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых. — Семипалатинск [Текст] : Тенгри, 2003. - С. 169.

Красикова Наталья Викторовна [Электронный ресурс] // artru.info : сайт. – Режим доступа : http://artru.info/ar/28966/  (21.06.2018)

Күйіков К.

Күйіков Кәріпбек – суретші, халықаралық ядроға қарсы қозғалыс белсендісі.Күйіков Кәріпбек (1968 ж.) – суретші, халықаралық ядроға қарсы қозғалыс белсендісі.

1968 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.

Суретшінің көрмелері Германия, АҚШ, Жапония елдерінде ұйымдастырылды.

Күйіков Кәріпбек картиналары Америка, Жапония, Германия елдерінде жеке және мемлекеттік көрмелерге қойылды, сондай-ақ, Түркия, Қытай, Қазақстанда өткен көрмелерге қатысты.

Күйіков картиналары адамзатқа төнген ядролық қауіп тақырыбымен байланысты.

1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысы делегациясы құрамында АҚШ, Германия, Жапония және Түркия елдерінде болды. Семей полигонындағы ядролық сынаққа қарсы сөз сөйледі.

Қарағанды қаласында тұрады.

2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммит кезінде АҚШ Президенті Барак Обамаға К.Күйіковтың «Взрыв» атты картинасын сыйға тартты.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Голос правды и человечности[Текст]: Президент РК Н.Назарбаев сделал знаковый подарок Президенту США Бараку Обаме — картину под названием «Взрыв», написанную художником, жертвой ядерных испытаний, почетным послом Проекта АТОМ Карипбеком Куюковым // Казахстанская правда. — 2016. — 9 апреля. — С. 3.

Куюков Карипбек [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10807&lang=ru (21.02.2018)

Куюков Карипбек [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Куюков,_Карипбек (21.02.2018)

Канафина, Ж. Карипбек Куюков - художник, рисующий мир губами [Электронный ресурс] // openasia : сайт. – Режим доступа : http://theopenasia.net/articles/detail/karipbek-kuyukov-khudozhnik-risuyushchiy-mir-gubami/ (21.02.2018)

Жумадильдинова, С.М. Слово о молчащем полигоне [Текст] / С. М. Жумадильдинова, Л. П. Тотмина // Внеклассная работа в школе. — 2016. — №9. — С. 13-15.

Шахназаров, А. Миротворческая миссия Нурсултана Назарбаева [Текст]// Вести Семей. — 2017. — 3 марта. — С.1-2.

Мақсұтов М.

Мақсұтов Мұрат – театр суретшісі.Мақсұтов Мұрат (1946 ж.) – театр суретшісі.

1946 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Есенгелді ауылында дүниеге келген. 1972 жылы О.Таңсықбаев атындағы Алматы Сәндік-Қолданбалы Өнер колледжін бітіреді. 1972-1990 жж. С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ музыкалық-драма тетарында жұмыс істеді.

К. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» (1972), М. Әуезов «Еңлік-Кебек» (1973) және «Дос – Бедел дос» (1981), Д. Исабеков «Әпке» (1980), С. Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» (1982), С. Жүнісов «Өліара» (1982), Г. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (1984), М. Кәрім «Ай тұтылған түні» (1975), А. Островский «Найзағай» (1975), Н. В. Гоголь «Женитьба» (1976), У. Шекспир «Макбет» (1979), «Асауға тұсау» (1984), «Отыз ұлың болғанша ...» («Арбаң аман болсын», 1984) т.б. спектакльдер декорациясының авторы.

1990-1991 жж. республикалық арнайы көркемсурет шеберханасының «Қазақ музейі реставрациясында» суретші-әрлеуші болып жұмыс істеді. 1991-1993 жж. – Ж. Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық-драма театрында бас суретші, 1993-1999 жж. – Астана қ. Қ. Қуанышбаев атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында суретші-режиссер болды. 1999 жылы – Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында бас суретші жұмысын атқарды.

Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986), республикалық театр конкурсының лауреаты (1995, 1998, 2001, 2004). «Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медальдарымен марапатталды.

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. — Астана : Фолиант, 2011. — Б. 242.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Мақсұт Мұрат: б. 509.

Мақсұтұлы Мақсұт Мұрат [Электрондық ресурс] // Уикипедия – ашық энциклопедия : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/Мақсұтұлы_Мақсұт_Мұрат (01.06.2018)

Макаров Ғ. Е.

Макаров Ғұмар Ескендірұлы – суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі.Макаров Ғұмар Ескендірұлы (1951 ж.) – суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі.

1951 жылы 16 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласында дүниеге келген. Ғұмар Макаров көркемсуреттің қыр-сырына өскемендік суретші-педагогтар Е. Н. Годовский мен А. Н. Намазбаевтың жетекшілігімен қол жеткізді.

1972 жылы Абай атындағы ҚазПИ (қазір Абай атындағы ҚазМПУ) көркемсурет-графика факультетін бітірді. 1972 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына (қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институт) оқытушы болып қабылданды. Ол 30 жылдан аса өмірін оқытушылық қызметке арнады. Қазіргі күні Ғ.Макаров Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дизайн және бейнелеу өнері кафедрасының оқытушысы. 1973 жылдан бастап кәсіби суретшілердің облыстық, қалалық және республикалық шығармашылық көрмелеріне қатысты.

Суретшінің ең ұнамды жанры – пейзаж.

«Марқакөл көлі», «Күзгі этюд», «Весна. Семипалатинка», «Қара теңіз», «Чешма», «Хайдар-паша» т.б. жұмыстардың авторы.

Соңғы онжылдықта Семей (1997, 1999), Өскемен, Алматы қалаларында (2000), Астанада (2003) суретшінің жеке көрмелері ұйымдастырылды.

2000 жылы Ғұмар Ескендірұлы «Тенгри Ұмай» қорының «Мастер Класс Казахстан» (Алматы) фестиваліне қатысып, «Қазақстанның Жібек жолы» номинациясы бойынша жүлденің иегері атанды. 

Ғ. И. макаров туралы әдебиет

Литература о Г. И. Макарове

Алексеева, Е. Прелесть родного пейзажа [Текст] / Е. Алексеева // Казахстанская правда. – 2003. - 6 марта.- С. 8.

Воронова, В. Пять дней по "Шелковому пути" [Текст] / В. Воронова //Рудный Алтай. – 2000. - 11 ноября.- С. 5.

Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых[Текст]. – Семипалатинск: Тенгри, 2003. - С.172.

Алексеева Е. Прелесть родного пейзажа : [В столичном Музее современного искусства открылась выставка пейзажа семипалатинского художника Гумара Макарова] / Алексеева Е. // Казахстанская правда. - 2003. - 6 марта. - С. 8

Шварева Е. Когда художник пишет картину / Шварева Е. // Деловой Усть-Каменогорск һttp://www.aaa.kz. - 2004. - №3. - С. 46-47

Назирова, Е. Краски осени [Текст] / Е. Назирова // Наше дело. - 2010. - 25 ноября. - С.2.

Костюк, Л. Г. Гумар Макаров - художник открытой души : к 60-летию со дня рождения / Л. Г. Костюк. - Текст : непосредственный // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2011. - N 11. - С. 17-18.

Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы

Шварева, Е. Когда художник пишет картину [Электронный ресурс] : [о художнике Макарове Г. Е.] / Е. Шварева // Библиотека имени Оралхана Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/kraevedenie/iskustvo/iso-iskusstvo/4296-makarov.html (14.01.2026)

Малютин Н. В.

Малютин Николай Васильевич – суретші, кескіндемеші.Малютин Николай Васильевич (1952 ж.) – суретші, кескіндемеші.

1952 ж. 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Қаншыбұлақ ауылында дүниеге келген.

Совет Армиясы қатарында қызмет еткеннен кейін Өскемен қ. өндіріс орындарында суретші болып қызмет етіп, тәжірибелі шебер-кескіндемешілерден дәріс алады.

Ол 1974 ж. Қазақстан және СССР Суретшілер Одағының мүшесі Леонид Агейкинмен танысады. Кейін Агейкиннің кеңесімен Өскемен жол-құрылысы институтына (қазір Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ) сәулет факультетіне оқуға түсіп, сәтті аяқтайды.

Николай Малютин Шығыс Қазақстан Шығармашылық Үйі, облыстық «Самородок» әуесқой суретшілер клубы басқармасы құрамында болды. Шығыс Қазақстан облысы православие шіркеулерін безендірумен айналысып, түрлі көрмелерге қатысқан. Мысалы, оның «Менің Қазақстаным» атты көрмеге ұсынған жұмысы ерекше бағаланды: онда суретші Қазақ елін барлық ұлыстар, діни сенімдер мен мәдениеттерді біріктірген – Шамбала елі – сияқты көрсеткен. Кенеп матаға түрлі діни сенімдердің храмдарын орнатып, ортасына Адамды қойған. Николай Малютинге махаббат тақырыбы ерекше жақын, оның «Любовь к жизни» атты жұмысы «Любовь, согласие и мир» атты көрмеде үздік деп танылды.

Суретшінің сүйікті жанрының бірі – портрет. Николай Васильевич өз таңдауымен, жанына жақын адамдары – туыстары мен таныстарының портретін салды. Малютин салған портреттерінде адамның сыртқы бейнесімен қатар, ішкі жан-дүниесін ашуға ұмтылған. Оның портреттері ерекше мазмұн мен түрге бай мини спектакль іспетті көрініс береді.

Н. В. Малютин жұмыстары жеке және шетелдік коллекцияларда жинақталған: Ресейде, Германияда. Суретшінің шығармашылық жан дүниесі жаңа ізденістер мен жаңа тың тақырыптарға бай.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

Пен, И. Малютин Николай // Қазақстан кескіндемесі [Мәтін]. Т. 2 = Живопись Казахстана = Painting of Kazakhstan : фотоальбом. - Алматы : Тау Кайнар, 2016. - Б. 12-15.

***

Гаврилова, А. Душа художника - в картинах [Текст] : [о персональной выставке художника Н. Малютина в этнографическом музее-заповеднике] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2013. - 12 февр. - С. 6.

Карабекова, А. Шестьдесят пятое лето художника Малютина [Электронный ресурс] / А. Карабекова. – Управление культуры, архивов и документации ВКО : сайт. – Режим доступа: http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/news.htm?id=001748 (дата обращения: 2.06.2017)

 

Щеглов, В. Меридианы творчества [Электронный ресурс] / В. Щеглов. - Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа: http://www.etnografiavko.kz/etno8_files/vustavki21.html (дата обращения: 2.06.2017)