Известные имена

Лаптев Е. Т.

Лаптев Епифан Тарасович – жылқышы, Социалистік Еңбек Ері.Лаптев Епифан Тарасович (1896-1977) – жылқышы, Социалистік Еңбек Ері.

1896 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Бородино ауылында дүниеге келген.

1929 жылы туған ауылында алғашқының бірі болып колхозға кірді. 1946-1958 жж. жылқышы болды. «Никольский» совхозында еңбек етті. 1946 жылы колхоз басқармасы артелдің жылқы шаруашылығын сеніп тапсырды. 1948 жылы жылқышы 27 биеден 27 құлын алып, өсірді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1949 жылғы 4 шілде Жарлығымен колхоз табыншысы Е. Т. Лаптевке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

1977 жылы қайтыс болды.

Деректер

Источники

 Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Лаптев Епифан Тарасович: б. 500.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Лаптев Епифан Тарасович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)