Мальцев Андрей Григорьевич (1904-ө.ж.б.) – звеношы, Социалистік Еңбек Ері.
1904 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Уварово ауылында дүниеге келген.
1929 жылы Куйбышев колхозында колхозшы, егіс бригадирі, комбайнер, звеношы жұмыстарын атқарған.
1947 жылы Мальцев звеносы 30 гектар жердің әр гектарынан 32 центнерден жаздық бидай жинады. Мемлекетке астық жинап өткізуде жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1949 жылғы 20 мамыр Жарлығымен А. Г. Мальцевке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.
Ленин ордені (1948), Еңбек Қызыл Ту орденімен (1950) марапатталған.
Қайтыс болған жылы және күні белгісіз.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Мальцев Андрей Григорьевич: б. 512.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Мальцев Андрей Григорьевич [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)