Мигаев Михаил Данилович (1901-1978) – табыншы, азамат соғысы және Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1901 жылы 20 тамызда Кубань уезі Майкоп болысы Гуреев станицасында шаруа отбасында дүниеге келген.
1928-1941 жж. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы «Коммунар» колхозында жұмыс істеді.
Совет өкіметі орнап, азамат соғысы басталған кезде онжеті жасар бозбала партизан отряды қатарына кіреді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында аты аңызға айналған 28-гвардиялық Панфилов дивизиясы қатарында Отан қорғады. Соғыста жарақат алып елге оралады.
1942-1957 жж. аға табыншы, колхозда жылқы фермасында меңгеруші, ал, 1957 жылы «Чапаев» совхозында жұмысшы болды.
1948 жылы М. Д. Мигаев 21 биеден 21 құлын алып, төлді сақтап қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1949 жылғы 4 шілде Жарлығымен М. Д. Мигаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.
Ол колхоздың қоғамдық жұмысына белсенді қатысты. Еңбекшілер депутаттарының ауылдық Кеңесіне депутат болып сайланды.
1978 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Мигаев Михаил Данилович б. 531.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Мигаев Михаил Данилович[Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)