Носова Мария Алексеевна (1918-2002) – еңбек сіңірген мұғалім, білім беру үздігі, Социалистік Еңбек Ері.
1918 жылы 31 желтоқсанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Шемонайха ауданы Красный Яр ауылында дүниеге келген. 1935 жылы Семей педагогикалық техникумын (қазір М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі) бітірген соң Мария Алексеевна мектепке жұмысқа келеді. 1939 жылы Покровский атындағы Ленинград пединститутына оқуға түсіп, орта мектепте қызмет істейді. 1941 жылы Шығыс Қазақстанға оралып, Шемонайха, Таврия, Предгорное, Верх-Уба селоларында орыс тілі пәні мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1949 жылы Алматыда Абай атындағы педагогикалық институтты (қазір Абай атындағы Қаз ҰПУ) сырттай бітірді. 15 жыл бойы Өскемендегі №11 мектептің оқу ісі бөлімін басқарды.
1963 жылы Мария Алексеевнаға халық ағарту ісінің үздігі, ал, 1967 жылы – Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мұғалім атағы беріледі. 1967 жылы Бүкілодақтық мұғалімдер съезіне делегат болып қатысады. Еліміздің үздік жетпіс педагогы қатарында білім беру ісіндегі еңбегі және оқушыларға коммунистік тәрбие беруге сіңірген еңбегі үшін М.А.Носоваға КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1968 жылғы 1 шілде Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
2002 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Носова Мария Алексеевна: б. 571.
Алаштың білім ордасы [Мәтін] / гл. ред. Ш. А. Жанаева, ответ. ред. Д. Сейсенұлы. - Семей : Тенгри, 2013. - 293 б.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Евгеньев, С. Человек, достойный подражания [Текст] / С. Евгеньев // Рудный Алтай. - 1968. - 5 октябрь.
Наволокин, Н. Педагогика - состояние души [Текст] / Н. Наволокин // Рудный Алтай. - 1986. - 1 янвварь.
Носова Мария Алексеевна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)