Дәуітпаев Шәріп (1924-1953) - жылқышы, бақташы, Социалистік Еңбек Ері.
1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (қазір Күршім) ауданы Орловка (қазір Шанағаты) ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Марқакөл ауданы (қазір Күршім ауданы) «Пограничник» колхозында бақташы болып бастаған.
«Пограничник» колхозы 1945 жылы 36 биеден 36 құлын, 1946 жылы 53 биеден – 53 құлын, ал, 1947 жылы 114 биеден 114 құлын алды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 ж. 23 шілде Жарлығымен Ш. Дәуітпаевке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1953 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Дәуітбаев Шәріп: б. 315.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Даутпаев Шарып [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)