Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Егорин И. П.

Егорин Иван Павлович – механизатор, тракторшы, Социалистік Еңбек Ері.Егорин Иван Павлович (1909-ө.ж.б.) – механизатор, тракторшы, Социалистік Еңбек Ері.

1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы (қазір Катонқарағай ауданы) Большенарым ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1917 жылы Уварово селосына қоныс аударып, 1929 жылы «Иртыш» колхозына кірген. Механизаторлар мектебін бітірген соң, 1934-1966 жж. тракторшы, Заульбинск МТС-де (машина-трактор станциясы), Глубокое ауданы Куйбышев атындағы колхозда бригадир болып жұмыс істеді.  

1945 жылы бригада 1942 гектар жер өңдеп, жоспарды 73 пайызға асыра орындады.

1947 жылы И. П. Егорин бригадасы 1824 гектар жер өңдеп, жоспарды 110 пайызға орындады. Ол әр 160 гектардан 22,18 центнер қара бидай алды.

И. П. Егорин Куйбышев атындағы колхоздың егін өнімділігі ғана емес, бүкіл облыс көлемінде мол өнім алуға атсалысты. Ол 120 пұт егін жинауға міндеттеме алып, облыс ауыл-шаруашылығы мамандары мен механизаторларын ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруде жоғары көрсеткішке қол жеткізуге шақырды.

Озат механизатор партия мен үкіметтің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулысына үн қатты. 1954 жылы ВДНХ (бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері) көрмесіне қатысты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1948 жылғы 28 наурыз Жарлығымен И. П. Егоринге Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдары, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасы, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Егорин Иван Павлович: б. 323.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Егорин, ИванПавлович [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия :сайт.Режимдоступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/ Егорин, Иван Павлович (09.01.2018)

Егорин, Иван Павлович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)