Захаров Матвей Иванович (1918-1978) – тракторшы, Социалистік Еңбек Ері.
1918 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Усть-Буконь ауылында кедей отбасында дүниеге келген. 1938 жылы тракторшылар дайындайтын курста оқып, сол кезден бері Киров атындағы колхозда (кейін Күршім ет-сүт совхозы болып өзгерген) трактор және егіс бригадирі жұмыстарын атқарған.
Күршім ауданының Киров атындағы сельхозартелі ұзақ жылдар бойы Қараөзек алқабын құнарсыз, дән егуге жарамсыз деп санап келді. Колхозға егіс алқаптарын кеңейту қажет болды, бірақ, таулар қоршаған бірнеше гектар егіс алқабына назар аударылмады. Ал, осы Қараөзек алқабындағы егіс даласынан М. И. Захаров бригадасы 152 гектар жерден жоғары бидай өнімін алды – әр гектардан 22 центнер, ал, қалған алқаптан орта есеппен 18 центнерден дән жинады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 ж. 28 наурыз Жарлығымен М.И.Захаровқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Озат бригадир 1954 жылы Коммунистік партия қатарына өтті. М.И.Захаров дән егу жұмыстарында социалистік жарыс ұйымдастырып, МТС (машина-трактор станциясы) жеңімпазы атанды.
Бірнеше рет аудандық және ауылдық Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты және халық заседателі болды.
Ленин ордені, медальдармен марапатталған.
1978 жылы 1 ақпанда қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Захаров Матвей Иванович: б. 368.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Захаров Матвей Иванович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Захаров Матвей Иванович [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wikiЗахаров,_Матвей_Иванович (09.01.2018)
Захаров Матвей Иванович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=24969 (09.01.18)