Известные имена

Есімдер

Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.

Зуев Ф. К.

Зуев Федор Кирьянович (1924-1997) – геолог, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы Предгорное ауданы (қазір Шемонайха және Глубокое ауданы құрамында) Малая Убинка (қазір Глубокое ауданы Белоусовка поселкесі) ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1941 жылы Белоусовка геология-барлау партиясында бұрғышы болып бастаған.

1942 -1947 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Армиядан кейін әртүрлі жұмыстар атқарды. Ал, 1951 жылдан бастап Шығыс Қазақстан геология басқармасы Белоусовка геология-барлау партиясында сменші, кейін аға бұрғышы болды.

Жеті жылдықта бригадалар 42 мың метр бұрғылады, ол жоспардағыдан 9 пайыз артық. Өндіру нормасын орта есеппен 110 пайыз орындап, 10 мың рубль үнемге қол жеткізді. Республикалық социалистік жарыста Ф.К.Зуев бригадасы алдыңғы орынды иеленді. Федор Кирьянович 15-тен аса адамды еңбек етудің озат әдісіне үйретті.

Ф. К. Зуевтің Кенді Алтайдың пайдалы қазбалары қорын барлауды кеңейтудегі еңбегі зор. Оның бұрғылау жұмысына қатысуымен геологтар Глубокое және Бобровка-Белокаменск полиметалл қорын барлауда биік көрсеткішке қол жеткізді.

Ф. К. Зуев бригадасы жаңа бесжылдықта жоғары өнімді және тиімді жұмыс істеді. 1966 жылы шамамен 16 мың метр бойын бұрғылап, жоспарды 130 пайыз орындап, 20 мың рубль үнемдеді. Сонымен бірге, мерейтой жылы екі бригада жоспардағы міндетін артығымен орындады.

Аға бұрғышының геология-барлау жұмыстарын дамытуда жеті жылдық жоспарды орындаудағы қол жеткізген жетістіктерін партия мен үкімет жоғары бағалады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 ж. 4 шілде Жарлығымен Ф. К. Зуевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

«Ерлігі үшін» екі медалі, «За взятие Будапешта», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» т.б. медальдармен марапатталды.

1997 жылы 25 қаңтарда қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Зуев Федор Кирьянович: б. 371.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Зуев Федор Кирьянович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)

Зуев Федор Кирьянович [Электронный ресурс] : [биография] // Память народа 1941-1945: сайт. – Режим доступа : https://pamyat-naroda.ru/heroes/podvig-chelovek_nagrazhdenie23118102/(10.01.2018)