Инюшин Михаил Васильевич (1906-1965) – инженер, гидроқұрылыс ардагері, Социалистік Еңбек Ері.
1906 жылы РСФСР (қазір Ресей Федерациясы) Тула қаласында мұғалім отбасында дүниеге келген. Онтөрт жасынан бастап омарташы көмекшісі жұмысын атқарды. 1925 жылы рабфакқа оқуға түсіп, зауытта фрезеровщик болып еңбек етті. 1930 жылы Ленинград политехникалық институттың инженер-құрылысшы факультетін бітіріп, кейін Нижне-Свирски ГЭС құрылысына қатысты. 1939-1965 жж. Өскемен және Бұқтырма ГЭС-інде бас инженер және құрылыс бастығы болды.
1952 жылы желтоқсанда Өскемен ГЭС-іне еліміздегі ең қуатты және алғашқы агрегат қосылды. М. В. Инюшин Бұқтырма су электрстанциясына басшылық етті. Мұнда оның ұсынысымен гидроқұрылыста алғаш рет қатты бетон қолданылды. Ол бетон қалауды тездетіп, үлкен ауқымда цемент үнемделді. Мұнда өзенді бөгеудің жаңа тәсілі енгізіліп, салмағы 15-20 тонна тастардан бөгет қойылды. 1963 жылы осы әдіспен Красноярск ГЭС-інде Енисей өзеніне бөгет орнатылды.
Гидроқұрылыстағы жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 9 тамыз Жарлығымен М. В. Инюшинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Михаил Васильевич еліміздің құрылыс саласы үшін көптеген тәжірибелі құрылысшыларды тәрбиелеп шығарды.
1954 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат, Қазақстан Компартиясы ОК мүше, Шығыс Қазақстан обком партиясы және облыстық Еңбекшілер депутаттары Кеңесіне мүше болып сайланды.
1965 жылы Өскемен қаласында қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Инюшин Михаил Васильевич: б. 378.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан, 1969.
Ганжа, В. Диво на Иртыше [Текст] : беседа с начальником "Иртышгэсстроя" Героем Социалистического Труда М. В. Инюшиным / В. Ганжа // Заря Востока. - 1963. - 16 мая.
К 100-летию Михаила Инюшина [Текст] // Заря Востока. - 2006. - 29 апр. - С. 6.
Мусин, М. Добрая память [Текст] : очерк / М. Мусин // Рудный Алтай. - 2006. - 9 сент. - С. 8.
Присвоены имена земляков [Текст] : [раcсмотрен вопрос о присвоении имен известных земляков - Героев Советского Союза Мукатая Абеулова, Федора Сафонова, Серикказы Бекбосунова, писателя Анатолия Иванова, гидростроителя Михаила Инюшина срредним школам и Бухтарминской ГЭС] // Рудный Алтай. - 2001. - 13 янв. - С. 2.
Иванова, К. 50 лет [Текст] : [50 лет Бухтарминской ГЭС] / К. Иванова // Семь дней. - 2010. - 19 авг. - С. 5.
Инюшин Михаил Васильевич [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Инюшин Михаил Васильевич [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны – открытая энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : - http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=15771 (10.01.2018)
Инюшин Михаил Васильевич [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа https://ru.wikipedia.org/wiki/Инюшин,_Михаил_Васильевич (10.01.2018)