Известные имена

Сепсекенов З.

Сепсекенов Зада - Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.Сепсекенов Зада (1914-2013) - Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1914 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаталап ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

1926-1928 жж. байдың қолында жұмыс істеді. Еңбек жолын «Жасталап» колхозында жұмысшы болып бастады. 1932-1942 жж. «Шілікті» совхозында әртүрлі жұмысшы болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Аты аңызға айналған 8-ші атқыштар дивизиясы құрамында болып, Калинин майданында елімізді неміс-фашист басқыншыларынан қорғады. Соғыста үш рет жараланып, елге оралады.

1944-1958 жж. бригадир, аға бақташы, жылқы фермасының меңгерушісі, Шілікті ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, совхоз фермасының басшысы қызметтерін атқарды.

1947 жылы З.Сепсекенов 50 биеден 50 құлын алып, өсірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілде Жарлығымен Зада Сепсекеновке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

З.Сепсекеновтың көрсеткіштері үнемі жоғары болды. 1948 жылы ол 120 биеден 118 құлын алып, өсірді. Оның қарамағындағы бие саны жыл сайын өсім беріп, кейінгі жылдары 600 басқа жетті. Сепсекеновтң 10 жылғы еңбегі, жылқышылардың жоғары өнімді еңбегі арқасында жылқы саны 11 реттен аса кеңейіп, бір жарым мыңға жетті.

1959 жылы ол қайтадан Шілікті ауылдық Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі, Еңбекшілер депутаттарының аудандық және облыстық Кеңесіне депутат болып сайланды.

«Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталды.

2013 жылы Үржар ауданы Жарбұлақ ауылында қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Сепсекенов Зада: б. 695.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Сепсекенов Зада [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)