Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Сычук А. Е.

Сычук Александр Емельянович – жүргізуші, Социалистік Еңбек Ері.Сычук Александр Емельянович (1930 ж.) – жүргізуші, Социалистік Еңбек Ері.

1930 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Большенарым ауданы (қазіргі Катонқарағай ауданы) Усть-Нарым ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

Еңбек жолын соғыс жылдары Чапаев атындағы ауылшаруашылық артелінде бастаған. Ауылшаруашылық техникасын оқытатын механизация мектебін тәмамдап, тракторшы, комбайншы және слесарь мамандықтарын меңгерген. 1948 -1950 жж. тракторшы болып жұмыс істеді. Совет Армиясында отан алдындағы борышын өткерген. 1953 жылдары колхозда тракторшы-комбайншы, кейін колхоз тараған соң 1961ж. «Хайрузовский» совхозының 2-ші бөлімшесінде еңбек етті.

Ауылшаруашылығы техникасына өте тиянақты қарауы және күтіміне байланысты қарамағындағы комбайндар үнемі тоқтаусыз жұмыс атқарды. Соңғы үш жылда комбайн жөндеу және жанар-жағар май шығынын азайтуыесебінен мемлекетқаржысы 630 сом мөлшерінде үнемделді.

А. Е. Сычук - әрдайым озық бастамаларды қолдап, өз жұмысында пайдаланды. Ол совхоздағы астықты топпен жинау әдісін енгізді, ал ол жұмыс өнімділігін анағұрлым арттырып, еңбекті ұйымдастыруды жақсартты.

А. Е. Сычук жыл сайын аудандағы ең жоғарғы еңбек көрсеткішін көрсетіп отырды. 1964жылы СК-3 комбайнымен нормадағы 226 орнына 381 гектар жерді өңдеп, жоспардағы 3350 центнердің орнына 6340 центнер бидай орды. 1965 жылы 439 гектар жерді орып, жоспарын 191 пайызға орындады, сондай-ақ, жоспардағы 2912 центнер орнына 5024 центнер бидай бастырды. 1966жылы жоспардағы 352 гектар орнына 645 гектар орып, 12323 центнер бидай орады, ол жоспардан 2,8 есе артық. Күнбағыстың 57 гектарын орып, 977 центнер майлы дақыл бастырды.

Еңбек өнімділігін арттыру және егін жинаудағы ерен еңбегі үшін 1967 жылы 19 сәуірде Сычук Александр Емельяновичке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Сычук Александр Емельянович: б. 717.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Сычук Александр Емельянович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42   (10.01.2018)