Известные имена

Токарева А. Н.

Токарева Анна Николаевна - флотатор, коммунистік еңбек екпіндісі, Социалистік Еңбек Ері.Токарева Анна Николаевна (1923 ж.) - флотатор, коммунистік еңбек екпіндісі, Социалистік Еңбек Ері.

1923 жылы 9 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласында (қазір Риддер) дүниеге келген.

Еңбек жолын 1940 жылы қала ұйымдарының қосалқы шаруашылықтарында бастады.

1942 жылдан бастап Лениногорск полиметалл комбинатының (қазір Казцинк ЖШС құрамында) байыту фабрикасында дозировщик (мөлшерлеуші) және флотатор болып жұмыс істеді.

1964 жылы А.Н.Токарева өндіріске қорғасын-мырыш концентраттарын бөлу әдісін енгізуге жұмыстарына қатысты. Бұл әдіс кен өнімдерінен қорғасын, мырыш шығаруды кеңейтіп, еріген алтын шығынын азайтты, сондай-ақ, мырыш қоспасы сапасын көтерді. Жаңа прогрессивті технология жылына шамамен 600 мың рубль үнем берді.

А.Н.Токарева флотатор мамандығын жете меңгеріп, кен байытудың түрлі әдістерін зерттеді, сонымен бірге, өзінің өндірістік міндеттемелерін асыра орындады. Ол жас мамандар арасында ұзақ жылғы іс-тәжірибесін таратып, өз мамандығына 30 адамды үйретті. Оған коммунистік еңбек екпіндісі атағы берілді.

Анна Николаевна Еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесіне депутат болып сайланды. Ол қаланың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаланы көріктендіру жұмыстарына белсенді қатысып, дружинниктерге көмек берді, қамқорлыққа алынған мектептерге жиі барып тұрды.

1966 жылы 20 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен А.Н.Токареваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

1967 жылы Лениногорск еңбекшілері Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты етіп сайлады.

«1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» (1946), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1955) медальдарымен, «СССР түсті металлургия саласының социалистік жарыс үздігі» (1957) белгісімен марапатталды.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Токарева Анна Николаевна: б. 742.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Токарева Анна Николаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42   (10.01.2018)

Токарева Анна Николаевна [Электронный ресурс] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/Page/Index/1911 (23.01.2018)

Токарева Анна Николаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Ветераны Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://veteran-vko.kz/ru/home_front01_04.htm(23.01.2017)