Известные имена

Тютюньков П. П.

Тютюньков Павел Парфенович - комбайншы, Социалистік Еңбек Ері.Тютюньков Павел Парфенович (1918-1980) - комбайншы, Социалистік Еңбек Ері.

1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Лосиха (қазір Верх-Уба) ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

Еңбек жолын «Гигант пятилетки» ауыл шаруашылығы артелінде бастады. 1937-1938 жж. тракторшы болды. 1938-1940 жж. Қызыл Армия қатарында әскери борышын өтеді. Денсаулық жағдайына байланысты Ұлы Отан соғысына қатысқан жоқ. 1943-1961 жж. Аврора МТС (машина-трактор станциясы) және Ленин атындағы колхозда (бұрынғы «Гигант») тракторшы, кейін бригадир, «Жданов» совхозында кешенді бригаданың көмекшісі жұмыстарын атқарды. 1961 жылдан бастап тракторшы-комбайнер болып еңбек етті.

П.П.Тютюньков табысты еңбегі және ұйымдастырушылық қабілеті үшін бригадир болып тағайындалады. 1956 жылы бригада дәнді-дақылдардан мол егін өнімін жинады.

1964 жылы 18 күнде жоспардағы 340 гектардың орнына 380 гектар жер орып, 5157 центнер астық бастырды. Сондай-ақ, 8 күнде 82 гектар күнбағыс жинап, 1460 центнер май алды. 1965 жылы 390 гектар дәнді дақыл, 115 гектардан күнбағыс өнімін жинады. Ол 1966 жылы совхоз бойынша жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, 6783 центнер бидай және 2014 центнер май өнімін алды. П.П.Тютюньков жетекшілік ететін звено 100 гектар жерден 289 центнер жүгері жинады. Үш жылда бір тоннадан аса жанар-жағар май үнемдеді.

Егін шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін 1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен П.П.Тютюньковқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», Ленин ордені (1957),  «Тың жерлерді игергені үшін» медальдары, КСРО және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

1978 жылы зейнетке шықты. Тольятти қаласында тұрып, сексенінші жылдары қайтыс болды.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Тютюньков Павел Парфенович: б. 767.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Тютюньков Павел Парфенович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)

Тютюньков Павел Парфенович [Электронный ресурс] : [биография] // Первый народный сайт о Шемонайхинском районе: сайт. – Режим доступа : http://shemonaikha.kz/rus/people/tyutyunkov.php (09.01.2018)

Тютюньков Павел Парфенович [Электронный ресурс] : [биография] //КГУ Шемонаихинская центральная районная библиотека : сайт. – Режим доступа : http://shemlibrary.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=361&Itemid=55 (09.01.2018)