Известные имена

Фомин Н. Н.

Фомин Николай Николаевич – егінші, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.Фомин Николай Николаевич (1916-ө.ж.б.) – егінші, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Уварово селосында дүниеге келген.

1930 жылы «Иртыш» колхозына (кейін Куйбышев атындағы колхоз) кіреді.

1947 жылы Н. Н. Фомин 30 гектар жердің әр гектарынан 32 центнерден бидай өнімін алды, бұл Ертіс өңірі үшін сирек жағдайдың бірі.

1948 жылы 60 гектар жердің әрбір айналымынан 30 центнерден өнім жинады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 20 мамыры Жарлығымен Н.Н.Фоминге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Ленин орденімен марапатталған.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Фомин Николай: б. 785.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Фомин Николай Николаевич [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42(10.01.2018)