Шоқақов Сартық (1888-ө.ж.б.) – жылқышы, Социалистік Еңбек Ері.
1888 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы (қазір Күршім ауданы) Орловка ауылында (қазір Шағанаты) ауылында дүниеге келген.
1930-1957 жж. «Пограничник» колхозында табыншы болды. 1957-1958 жж. Қаба ет-сүт совхозында жұмыс істеді.
1947жылы Сартық Шоқақов 59 биеден 59 құлын алып, өсірді. Бұл көрсеткіш қарт табыншыны еліміздің мал шаруашылығы үздіктерінің қатарына шығарды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілде Жарлығымен С. Шоқақовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Ол колхозда істеген соңғы он жылы ішінде жарты мыңнан аса жылқы малын өсіріп, тапсырды.
Қайтыс болған жылы және күні белгісіз.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Шоқақов Сартық: б. 811.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Чокаков Сартык [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)