Панин Петр Иванович (1928-ө.ж.б.) – бұрғышы, құрметті кенші, Социалистік Еңбек Ері.
1928 жылы Алтай өлкесі Петропавловск ауданы Соловьиха ауылында дүниеге келген.
1942-1949 жж. колхозда еңбек етті. Кейін Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеді. 1953-1958 жж. Инск геология-барлау партиясы Колованск кен басқармасы Мульчихинск кенішінде бұрғышы болды. 1958 жылы Белогор тау-кен байыту комбинатында, алдымен Белая гора кенінде, ал, 1962 ж. – Огневка (Қалба қыраты, Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) кенішінде кенші, кеншілер бригадирі болып жұмыс істеді.
Ол Огневка, Белая гора кеніштерінде жоғарың өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп, жоспардағы міндеттемелерін асыра орындайды. 1959 жылы еңбек өнімділігін 102 пайыз, 1961 жылы -103, 1964 жылы – 108, ал, 1965 жылы – 115,8 пайызға көтерді.
Еңбектегі жоғарғы көрсеткіштері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 20 мамыр Жарлығымен П. И. Панинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Петр Иванович үнемі өзінің іскерлігін, идеялық-саяси деңгейін көтеріп, басқаларға үлгі болды. Ол тек тәжірибелі бұрғышы ғана емес, слесарь, скреперші, жарушы мамандықтарын меңгеріп, шеберлікпен атқарады. Комбинатта жұмыс істеген жылдары көптеген мамандарды дайындап шығарды. Бригада мүшелері де жетекшілері П. И. Паниннен үлгі алып, бірнеше мамандықты игерді. Олардың бәрі өз нормаларын 110-115 пайыз орындайды. П. И. Панин басшылық еткен бригадаға коммунистік еңбек ұжымы атағы берілді.
Кенші жаңа техника мен озық технология енгізу ісіне белсенді қатысып, өндіріске елеулі үнем әкелген 15 өнертабыстық ұсыныс енгізді.
П. И. Панин бірнеше мәрте Серебрянск қалалық Еңбекшілер депутаттары Кеңесіне депутат болып сайланды.
«Қазақ ССР тау-кен өнеркәсібі қызметкерлері социалистік жарысының үздігі» белгісі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі, обком және қалалық партия комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Комбинаттың Құрмет кітабына енгізілген.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Панин Петр Иванович: б. 612.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Панин Петр Иванович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (24.01.2018)