Известные имена

Урывский Н. И.

Урывский Николай Иванович – Социалистік Еңбек Ері.Урывский Николай Иванович (1927-ө.ж.б.) – Социалистік Еңбек Ері.

1929 жылы СССР (қазір РФ) Воронеж облысы Острогожск ауданы Кадубец селосында шаруа отбасында дүниеге келген.

Еңбек жолын «14 лет Октября» колхозында бастады. 1950-1955 жж. «Победа» көкөніс совхозында және жөндеу зауытында жүк тиеуші, Оңтүстік-Шығыс темір жолының Острогож дистанциясында балғашы, Жамбыл облысының Гранитогорск кенішінде шахтер болып жұмыс істеді. 1955 ж. Зырян қорғасын комбинатының (қазір Казцинк ЖШС құрамында) Зырян кенішінде кеншілер бригадирі болды.

Ол шахтер мамандығын жетік меңгерді, қосымша алты мамандықты игеріп комбинаттың үздік маманы болды.

Николай Иванович ұжымда еңбекті тиімді дұрыс ұйымдастыруға ерекше назар аударды. Бригадада құрал-жабдықтарды пайдалану, кен өндіру технологиясы тәрізді жұмыстың бәрі кешенді түрде жүргізілді, яғни, барлық жұмысты ұжым өз күшімен атқарды. Нәтижесінде бригаданың еңбек өнімділігі артты.

Жетінші бесжылдық жылдары Н.И.Урывский жетекшілік ететін кеншілер бригадасы өте күрделі тау-кен жұмыстарын атқарды, оларға үздік кен орны ретінде ең қиын учаскелерде жұмыс істеуге тура келді, дегенмен олар жоспардағы нормаларын артығымен орындайтын.

Жеті жылдықтың соңғы жылы бригада өндірістік жоспарын 105,4 пайыз орындап шықты. Еңбек өнімділігі осы жылдары бір жарым есе өсті. 1962 жылы бригадаға коммунистік еңбек екпіндісі атағы берілді.

Н. И. Урывский кеніш партия ұйымы бюросы және кеніш комитетінің мүшесі, халықтық бақылау тобының басшысы, учаскенің партия тобын ұйымдастырушының орынбасары болды.

1966 жылы 20 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Н.И.Урывскийге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Урывский Николай Иванович: б. 771.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

 

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

 

Урывский Николай Иванович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42(23.01.2018)