Екібаев Жиенбай (1888-1966) – бас шопан, Социалистік Еңбек Ері.
1888 жылы Семей губерниясы Қарауыл уезі (қазір Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) Дағанды болысында дүниеге келген. 1919 жылы Шыңғыстаудағы Шаған болысына (қазір Абай ауданы) қоныс аударады. Ұзақ жылдар бойы Жарылқамыс, кейін «Тельман» кеңшарында бас шопан болып еңбек етті.
1948 жылы 23 шілдеде КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ж. Екібаевке еңбектегі табысы үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1966 жылы 7 қаңтарда Абай ауданында қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Екібаев Жиенбай: б. 324