Известные имена

Кузнецов Н. А.

kuznetzov nikolaj 142x191Кузнецов Николай Алексеевич (1922-2009) – ұшқыш, Социалистік Еңбек Ері, КСРО-ның Еңбек сіңірген ұшқышы.

1922 жылы 19 желтоқсанда Қарағанды облысы Нұра ауданы, Новокарповка ауылында дүниеге келген. 1941 ж. Селище авиамеханиктер мектебін, 1942 ж. Магнитогорск қаласындағы ұшқыштар мектебін бітірді. 1943-1950 жж. – ұшқыш-нұсқаушы, авиация бөлімінің командирі, Ақмола қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) аэропортының бастығы, 1950 ж. Шығыс Қазақстан әуе отряды командирінің орынбасары, 1953 ж. – екінші ұшқыш, корабль командирі, ұшқыш-нұсқаушы, Алматы әуе отряды командирінің орынбасары қызметтерін атқарады.

1963 ж. ҚазМУ-ды (қазіргі Әл-Фараби атын. ҚазҰУ) аяқтайды.

1963 ж. Қазақстан азаматтық авиациясы басқармасының бірінші орынбасары. 1971-1986 жж. Қазақстан азаматтық авиациясы басқармасы жүйесінің жетекшісі болған.

1986 ж. зейнеткерлікке шығады.

"Саяхат" қазақ авиакомпаниясының кеңесшісі қызметін атқарған.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 8,11 шақырылымының депутаты болған.

Екі мәрте Социалистік Еңбек ері (1973, 1979).

Ленин, Еңбек Қызыл Жұлдыз, 3 дәрежелі «Барыс» ордендері, «Орақ пен балға» және т.б. медальдармен марапатталған.

Алматы қаласында өмір сүрген.

2009 жылы 12 тамызда қайтыс болған.

Деректер

Источники

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Кузнецов Николай Алексеевич: б. 411.