Ломако Пётр Фадеевич (1904 -1990) – Социалистік Еңбек Ері, мемлекет қайраткері, нарком және министр, СССР түсті металдар саласының басшысы, түсті металл саласының маманы.
1904 жылы 29 маусымда Кубань облысы Темрюк қаласында (қазір Краснодар өлкесі Темрюк ауданының әкімшілік орталығы) орта шаруа отбасында дүниеге келген. 1920-1922 жж. – Темрюк ауданында курьер, есепші, есеп бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1922-1923 жж. – Краснодар өлкесінде бандитизммен күрес отрядының саяси комиссары.
1923 ж. – Темрюк ауданы ВЛКСМ жетекшісі.
1923-1924 жж. – Темрюк қалалық сауда ұйымы кәсіподағы басқармасының басшысы.
1927 жылы Краснодар қаласында жұмысшы факультетін бітірді.1927-1930 жж. – Мәскеу халық шаруашылығы институтында оқиды. Кейін Мәскеу түсті металдар институтына ауысып, 1932 жылы бітірді.
Кейін жолдамамен Ленинград (қазір Санкт-Петербург) қаласына келеді. Еңбек жолын «Гипроалюминий» институтында сектор бастығының орынбасары қызметімен бастайды. 1933-1937 жж. – бригадир, мастер, аға мастер, цех бастығы, «Красный выборжец» зауытында бас инженердің орынбасары болды. 1937 жылы Владимир облысында түсті металл өңдеу бойынша Кольчуга зауытының директоры болып тағайындалды. 1939-1940 жж. – алюминий, магний және электрод өнеркәсібінің басшысы, СССР түсті металдар саласы наркомының орынбасары қызметін атқарды.
1940 жылы 9 шілдеде П.Ф.Ломако КСРО Халық Комиссары болып тағайындалды. Ұлы Отан соғысы жылдары кәсіпорындарды Оралға көшіру, өндірісті ұйымдастыру, соғыстан кейінгі жылдары күйреген шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстарына басшылық жасады.
1940-1948 жж. – нарком, КСРО түсті металлургия министрі.
1942 жылы «Уранға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру» жөнінде атом ядросы лабораториясына өз ведомствосының өнімін жеткізумен айналысқан. 1944 ж. КСРО Түсті металлургияның халықтық комитетіне қарайтын уран кенін КСРО ІІХК қарамағына беру барысында жауапты қызметтер атқарған.
1948-1950жж. — КСРО Металлургия өнеркәсібі министрінің 1-орынбасары
1950-1953жж.— КСРО түсті металлургия министрі
1953-1954жж.— КСРО түсті металлургия өнеркәсібі министрінің 1-орынбасары
1954-1957жж.— КСРО түсті металлургия министрі
1957-1961жж.— Красноярск халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы
1961-1962жж.— РСФСР бойынша КПСС ОК Бюросы төрағасының орынбасары
1962-1962жж.— КСРО министрлер Кеңесі Мемлекеттік ғылыми-экономикалық Кеңесінің төрағасы
1962-1965жж. — КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары
1962-1965жж. — КСРО жоспарлау комитетінің төрағасы
1965-1986жж.— КСРО түсті металлургия министрі
1986 жылы қазан айында зейнетке шықты.
Жоғары мемлекеттік қызмет атқарған кезде Шығыс Қазақстан облысына, Өскемен қаласына ерекше назар аударып, қолдау берді. Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
7 рет Ленин, Қазан революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. 1970 жылы 14 желтоқсанда Өскемен қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
1990 жылы 27 мамырда Мәскеуде қайтыс болды.
П. Ф. Ломако ғылыми еңбектері
Научные труды П. Ф. Ломако
Кітаптар – Книги
Ломако, П. Ф. Цветная металлургия в годы Великой Отечественной войны [Текст] / П. Ф. Ломако. - М. : Металлургия, 1985. - 255 с.
П. Ф. Ломако туралы әдебиет
Литература о Ломако П. Ф.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – П. Ф. Ломако : Б. 504
Большая советская энциклопедия. — М.: Советская энциклопедия 1969—1978
Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с. - П. Ф. Ломако: С. 30 – 31.
Советский министр из книги Гиннесса : [сб. материалов к столетию со дня рождения П. Ф. Ломако] [Текст] / авт.-сост. М. Л. Колпаков. - СПб. : Вита Нова, 2004. – 523 с.
Курячий, А. Н. Министр Ломако [Текст] : созидатель в мире металлов / А.Н. Курячий. - Москва : Национальное обозрение, 2011. – 174 с.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Ломако Ф. П. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны. – Режим доступа :http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=12887 (30.01.2017)
Ломако Ф. П. [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет ресурс Городского маслихата г. Усть-Каменогорска. – Режим доступа : http://ukmaslihat.vko.gov.kz/ru/citizens_39.htm