Известные имена

Мұқанов Ш.

Мұқанов Шаймерден (Шаймардан) – «Қарабұлақ» совхозының аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері.Мұқанов Шаймерден (Шаймардан) (1924 ж.) – «Қарабұлақ» совхозының аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері.

1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы «Освобождение» колхозында шопанның көмекшісі болып бастап, осы колхоз Зайсан ауданының «Қарабұлақ» совхозы болып аталғанға дейін еңбек етті.

Атақты шопан есімі Қазақстан Республикасының Құрметті Алтын кітабына енген. 1966 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Шаймерден Мұқановқа еңбекте қол жеткізген жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Ол «Ленин» ордені, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері. Қой шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін 1964 жылы Ш. Мұқановқа «Қазақ ССР-і Социалистік мал шаруашылығы саласына еңбегі сіңген қызметкер» атағы берілді.

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Мұқанов Шаймерден: б. 545.

Муканов Шаймардан [Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Управление культуры, архивов и документации : сайт. - Режим доступа : http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/65let_12_05.html (11.01.2018)