Известные имена

Галышева Ю. Е.

Галышева Юлия Евгеньевна

Юлия Евгеньевна Галышева (1992) – фристайлшы

1992 жылы 23 қазанда Өскемен қаласында дүниеге келген.

Халықаралық жарыстарға 2006 жылдың наурыз айынан бастап қатысып келеді. Оның алғашқы халықаралық додасы Санкт-Петербург маңындағы «Красное Озеро» тау-шаңғы курортында өткен Еуропа кубогі болды. Бұл жарыста Юлия могул сайысында 21-орын, параллельді могул бойынша 18-орын иеленді.
2007 жылдың наурыз айында Италияда өткен әлем чемпионатында Юлия могул сайысында 22-орын, параллельді могул бойынша 21-орынға тұрақтады.
2008 жылдың ақпан айында Германияның Шлирзе қаласында өткен Еуропа кубогі кезеңінде параллельді могул сайысында күміс медаль жеңіп алды. Ал могул сайысында 8-орын алды. Бірнеше күннен кейін Швецияның Энгельберг қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде Юлия могул және параллельді могул сайыстарының екеуінде де алтын медаль иеленді.
Юлия Галышева – Азия ойындары мен әлем кубогінің екі дүркін алтын жүлдегері. Өз спорттық дисциплинасы бойынша халықаралық рейтингте үздік он спортшының қатарында.