Долгих Александр Александрович (1929-1999) – Қазақстан Республикасы гір және армрестлинг Федерациясының вице-президенті, фехтование бойынша Бүкілодақтық категориялар төрешісі, гір спорты бойынша республикалық категория төрешісі.
1929 жылы 12 қыркүйекте Алтай өлкесінің Бийск қаласында колхозшы отбасында дүниеге келген. Соғыс жылдары эвакуациямен Қазақстанға (қазір Алматы) көшіп келеді.
Соғыстан кейін Қырымға оралып, 1948 жылы Қырым физкультура техникумын бітіреді. Кейін 1 санатты төреші куәлігімен Алматы физкультура институтына оқуға түседі. Ал, бір айдан кейін студент Долгих жеңіл атлетика және суға жүзуден республикалық жарысқа төреші болады. Оқу жылдары ауыр атлетика, акробатика бойынша тренер мамандығын алып, штангідан екінші дәрежені орындайды.
1953 жылы Өскемен қаласына денешынықтыру оқытушысы дипломымен келеді.
1956-1978 жж. Өскемен педагогикалық институтында (қазір С.Аманжолов атындағы ШҚМТУ) денешынықтыру факультеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Кейінгі жылдары облыстық «Еңбек» ерікті спорт қоғамы, Бүкілодақтық ерікті физкультура-сауықтыру қоғамына жетекшілік етіп, облыстық ардагерлер спортының төрағасы болды. Мәскеу олимпиада ойындарында төреші (1980) ретінде қатысқаны үшін фехтование бойынша Бүкілодақтық категория атағын алады.
1991 жыл – гир спорты бойынша республикалық категория төрешісі.
1992 жыл – Қазақстан Республикасының гир және армрестлинг спорты федерациясының вице-президенті.
40 жыл бойы «Рудный Алтай» газетінде штаттан тыс тілші болды.
Еңбектегі марапаттары: «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары.
Төсбелгілері: «Отличник физической культуры СССР», «За развитие физкультуры и спорта в Республике Казахстан». «Буревестник», «Қайрат» ерікті спорт одақтарының құрметті мүшесі, облыстық атқару комитеті грамоталарымен марапатталған. А.А.Долгих ұзақ жылдар бойы кәсіподақ қоғамының физкультура-спорт кеңесінің төрағасы болып, осы қызметінен зейнетке шықты.
1999 жылы 71 жасында қайтыс болды.
А. А. Долгих туралы әдебиеттер
Литература о А. А. Долгих
Подрезов, В. Ф. Восток - поэзия силы [Текст] : история спорта в очерках и рассказах / В. Ф. Подрезов. - Усть-Каменогорск : Либриус, 2010. - 244 с.
Мақалалар-Статьи
Михеева, Н. Вам слово,товарищ судья [Текст] : [судье А. Долгих - 50 лет] / Н. Михеева // Рудный Алтай. - 1999. - 8 июля. - С. 8.
Подрезов, В. Ф. Реквием по Сан Санычу [Текст] : [о вкладе судьи международной категории А. А. Долгих в развитие спорта Восточного Казахстана] / В. Подрезов // Устинка плюс. - 2010. - 4 марта. - С. 11.
Подрезов В. Гиревому спорту четверть века [Текст] / В. Ф. Подрезов // Семь дней. - 2010. - 8 апр. - С. 7.
Интернет ресурстары
Интернет-ресурсы
Долгих А. А. [Электронный ресурс] : [биография, ГАВКО, ф.1275, оп.1, 29 ед.хр., 1927-1985 г.г., каталог.] /Официальный сайт Государственного архива Восточно-Казахстанской области и его филиалов. - Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1436 (10.01.2019)