Известные имена

Курвякова Р. В.

KurvyakovaКурвякова Раиса Васильевна - баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, екі мәрте әлем чемпионы, үш мәрте Европа чемпионы.

Раиса Васильевна Курвякова 1945 жылы Горноульбинка ауылында (Глубокое ауданы, ШҚО) туған. Ата - анасы жергілікті колхозда жұмыс істеді - әкесі тракторшы, ал анасы сауыншы. Ауыл балалары сияқты коньки теуіп, шаңғымен сырғанауды, волейбол ойнауды ұнататын.
Мектепті бітірген соң Раиса штукатур-маляр мамандығын алады. Бос уақытында баскетбол, волейбол және жеңіл атлетика секцияларын а қатысатын. Ұзын бойлы, денсаулығы мықты қызды тренер Владимир Слива байқайды. Көп ұзамай Раиса (бойы 185 см) тренердің ұйғаруымен баскетболды таңдайды. Ойын тәртібін меңгеріп, шеңберге доп түсіруге машықтанған жас қызды көп кешікпей облыс біріншілігіне дайындалып жатқан училище құрама командасына қабылданады. Содан бері баскетбол оның өмірінің мәніне айналды.
Раиса Курвякова о бастан орталық шептегі ойыншы болып ойнады. Бақылап отырған мамандар қыздың ерекше дене бітімі мен жылдамдығына көңіл аударып, болашақта үлкен спорттан көрінетініне сенімді болды. Раиса бірнеше одақтық командалар мен спорттық қоғамдардан шақырту алды.
Ең алдымен Қазақстан Спартакиадасына облыс құрамасы атынан қатысты. Кейін Алматыға ауысып, республика құрамасына енді. Спортшы қыз асқан жеңілдікпен бір орыннан екінші орынға ауысып, барған жеріне сыйлы болды. Кишинев қаласындағы ПТУ-да оқи жүріп, жергілікті «Еңбек резерві» командасы құрамына кірді. Ол Бакуде болып, онда КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында жергілікті "Буревестник" командасында қатысып ойнады, кейіннен индустриалдық техникумды бітірді.
1967 жылы Р. Курвякова КСРО халықтарының спартакиадасын қатысу үшін тұңғыш рет Әзербайжан құрама командасының қатарына енді. Команда 12 орынға ие болса да, баскетболшы қыздың ерекше ойыны мен шеберлігі көзге түсіп, КСРО спорт мастері атағына ие болды. Іле-шала КСРО жастар құрамасының қатарына шақырылды.
1968 жылы күтпеген жерден жас қызды Днепропетровскіге шақырды. Тамаша ойынына тәнті болған украиналық мамандар мен шенеуіктер тұрмыс жағдайын түзетуге уәде беріп жұмысқа шақырды. Қызықты ұсыныстан бас тарта алмаған спортшы ірі өнеркәсіпті қалаға қоныс аударып, сонда қалып қойды.. Спортшының өмірі жергілікті «Құрышпен» тығыз байланысты болды. Курвякова он бір жыл бойы «Құрыш» командасында ойнай жүріп, команданың көшбасшысы болды.
Р. Курвякованың ең жоғары көрсеткіші 1971 жылы шақырған КСРО құрама командасымен байланысты. Дебютант қыз сан – Паулуда (Бразилия) өткен әлем чемпионатына қатысуға шақырылды. Бұл спортшының тұңғыш рет шетелге шығуы болатын. Мәжіліс хатқа сәйкес Курвякова барлық көрсеткіштер жағынан турнирдің үздік ойыншылары қатарында көрсетілген. 9 ойында Раиса командаға 109 ұпай әкеліп, атақты ойыншы Ульяна Семенова екеуі әлем құрамасының символикалық бестігіне енді.
1972, 1974, 1976 жылдары Раиса Курвякова Европа чемпионы титулын жеңіп алды. Өзінің екінші әлем чемпионы титулын Раиса 1975 жылы Колумбияда алды.
1976 жылы баскетболдан Олимпиада чемпионы атанды.
Даңқты спортшы қыз 1979 жылы үлкен спортпен қоштасты. Днепропетровск мемлекеттік университетін бітірген соң сондағы тарих кафедрасына жұмысқа қалдырылды. Алайда спортшы қыз өз тағдырын спортпен байланыстыруды жөн көріп, Днепропетровскдегі «Вихрь» (1980 ж.) спорт кешенін басқаруды қолға алды. Талантты спортшының балалармен жүргізген жұмыстары өз жемісін берді. Оның шәкірттерінің арасынан көптеген жеңіл атлеттер, штангистер, гимнастар нағыз чемпионның тәрбиесінен өтті.
Р. В. Курвякова - «Еңбек резервтері» (Кишинев, 1962)», Буревестник» (Баку, 1964-1968), «Сталь» (Днепропетровск, 1968-1979) командалары құрамында ойнаған. Спорттағы еңбек жолында Қазақ ССР (1961) құрамасында бастап, Азербайжан ССР (1965-1968), КСРО Жастар (1967), КСРО (1971-1976) құрама командаларында ойнады.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

                                                                    Мақалалар - Статьи
Олимпиада Раисы Курвяковой // Мой город. - 2009. - 26 ноября. - С. 32.

                                                               Интернет ресурстар
                                                               Интернет-ресурсы
Властелин колец из ВКО. Олимпийская чемпионка Раиса Курвякова [Электронный ресурс] : сайт: https://www.sports.kz/news/vlastelin-kolets-iz-vko 

Курвякова Раиса Васильевна [Электронный ресурс] : сайт:
http://www.biograph.ru/index.php/whoiswho/2/2388-kurvyakova