Үшкемпіров Жақсылық (1951-2020) –спорт шебері, Халықаралық спорт шебері, Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, әлем кубогының күміс жүлдегері, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келіп, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысады. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен Семей қаласында институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын.
1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналысады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы балуандарымен белдесіп бәрін жеңіп шығады. Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды.
Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.
Түрлі халықаралық турнирлерде өзімен тең түсетін қарсыластарымен шығып жеңіске жетіп отырды. Одақтық біріншіліктегі чемпион атанған табысынан кейін ғана Ж. Үшкемпіров, өмірінде бірінші рет Олимпиада ойындарына кандидаттық жолдама алды.
Ж. Үшкемпіров бар күш-жігерін Москвада өтетін Олимпиадаға қатысуға жұмсады. 48 кг салмақта классикалық күрестен төрт адамның кандидатурасының ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтың кандидатурасы өтті. Бұл қиын жарыста тек Ж. Үшкемпіров қана жеңетінін басшылыққа дәлелдеген жаттықтырушы Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиаданың бірінші күнгі жеребе салу рәсімінің нәтижесінде Жақсылық бірінші айқасқа ең күшті әлемнің екі дүркін чемпионы румын шебері Александрумен түсетін болды. Бұл сәтте де оны қолдап, көңілін көтерген Валерий Резанцев пен Вадим Александрович Псаревтар болды. Олимпиада күндері Ж. Үшкемпіров чемпиондыққа үміткер қарсыластары: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді шебер техникасымен, шапшаңдығы және төзімділігімен жеңіп шықты. Осылайша қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды.
1981 жылы ол грек-рим күресінен әлем чемпионы, 1982 жылы әлем кубогында күміс жүлдеге ие болады. 1974-1984 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарады.
1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіров спорттағы карьерасын аяқтайды. 1984-1993 жылдары спорт мектебінің директоры, 1993 жылдан бері Алматы облысындағы "Жақсылық" спорт клубының директоры болып қызмет атқарады.
Қазақстан тәуелсіздік алған соң, Жақсылық Үшкемпіров кәсіпкерлікпен шұғылданады.
Аты аңызға айналған Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 2021 жылы 70 ке қараған шағында ковидтен қайтыс болды.
Жақсылық Үшкемпіров туралы әдебиеттер
Литература о Жаксылык Ушкемпирове
Қазақ олимпиадашылары [Мәтін]. - (Спорт саңлақтары).Т. 1 / құраст. Р. Қыдырбек. - Тарихи-деректі басылым. - Астана : Ер-Дәулет, 2009. - 558 б.
Жәкітайұлы , Т. Жақсылық Үшкемпіров : сұхбат-хикаят / Т. Жәкітайұлы . - Астана : Ақарман-медиа, 2011. - 180 б. : турлі-түсті сур
Мұхиддинов, Е. Қазақ күресі : роман / Е. Мұхиддинов. - Алматы : Мектеп, 2012. - 192 б.
Жолымбетов, Ө. Бес шығыршық : деректі әңгімелер / Ө. Жолымбетов. - Алматы : Жалын, 1991. - 256 с
Досмұхамбетов, Т. Намыс Сардары / Т. Досмұхамбетов. - Астана : Жарыс, 2014. - 248 б. - (Спорт саңлақтары).
Ж. Үшкемпіров туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар
Статьи о Ж. Ушкемпирове опубликованные на страницах периодической печати
ҮшкемпіровЖ. Қаламгердіпалуанқолдайды [Мәтін] : [Әлем,Олимпиадачемпионы,атақтыпалуанның Өскеменгекелгенсапарындасұхбат.Ә.Қадылбекұлы] / Ж. Үшкемпіров. // Дидар. - 1995. - 19 желтоқсан.
Үшкемпіров Ж. Атымды жайған алашқа [Мәтін] : [Олипиада чемпионы...әңгіме/әңгімелескен Ә.Әрін] /Ж. Үшкемпіров. // Жас алаш. - 1997. - 25 қараша
Үшкемпіров Ж. Сол күндерді сағынып жүрмін [Мәтін] /Ж. Үшкемпіров. // Егемен Қазақстан. - 2000. - 30 тамыз.- Б.13
Үшкемпіров Ж. Боз кілемдегі тағдырың бақ сынаудан ғана тұрмайды [Мәтін] / Ж. Үшкемпіров. // Егемен Қазақстан. - 2006. - 26 сәуір.- Б.15
Үшкемпіров Ж. Ертісте жүзіп ақша таптым [Мәтін] / Ж. Үшкемпіров. // Түркістан . - 2007. - 27 желтоқсан (N 52). – Б. 7.
Тұрғанбаев Р. Жақсылық [Мәтін] : [Әлем чемпионы Ж. Үшкемпіров туралы] / Р. Тұрғанбаев // Ертіс өңір. - 2011. - 20 шілде.- Б.9.
Үшкемпіров Ж. Он жеті балаға он жеті жүген ұстаттым [Мәтін] / Үшкемпіров Ж. // Түркістан . - 2011. - 9 маусым (№ 23). – Б.11.
Үшкемпіров Ж. Мені "Бір жапырағым" дейтін... [Мәтін] / Үшкемпіров Ж. // Аңыз адам . - 2011. - № 1. - С. 41 б.
"Семей қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы [Мәтін] : Семей қаласы мәслихат шешімі 2012 ж. 21 қараша // Семей таңы . - 2012. - 4 желтоқсан.- Б.2
Жанатұлы , Е. Кәсіпкерліктің керегесі кеңеймек [Мәтін] : Қалалық мәслихатта / Е. Жанатұлы // Семей таңы . - 2012. - 23 қараша.- Б.1
Бердіқұлов,, С. Мәңгілікке бірінші [Мәтін] / С. Бердіқұлов, // Жас спортшы. - 2013. - №5-6.- Б.3-6.
Қашқынбаев М. Үшкемпіровтің бір қыры [Мәтін] /М. Қашқынбаев. // Егемен Қазақстан . - 2014. - 12 сәуір (№ 71). –Б.9
Айтөлен Ұ. Бақытты да баптай білу керек [Мәтін] / А. Ұлбосын // Айқын . - 2015.- 21 мамыр (№ 90). – Б.5.
Райыс, К. Олимпиада чемпионының ұстазы [Мәтін] : [Олимпиада чемпионы Ж. Үшкемпіровтың ұстазы туралы.] / К. Райыс // Ертіс өңірі . - 2016. - 2 наурыз.- Б.8.
Үшкемпіров Ж. Алатаудай асқақ, арыстандай айбарлы ағам-ай... [Мәтін] : қазанама / Ж.Үшкемпіров // Егемен Қазақстан . - 2016.- 10 наурыз (№ 45). - 9
Үшкемпіров Ж. Асыраушымызды құндай білейік [Мәтін] / Үшкемпіров Жақсылық // Егемен Қазақстан . - 2016.- 4 мамыр (№ 84). - 2
Омаш, А.. Олимпиада чемпионы медальдарын Семей мұражайына тапсырды. [Мәтін] : [Әлем чемпионы Ж. Үшкемпіров Семей мұражайында.] / А. Омаш // Ертіс өңірі . - 2016. - 12 қазан .- Б.1,3.
Үшкемпіров Ж. Ұранымыз - "Алға, Қазақстан !" [Мәтін] / Үшкемпіров Жақсылық // Егемен Қазақстан . - 2016.- 20 желтоқсан (№ 244). - 2
Әнуарбек Ә. Әлемде теңдесі жоқ атлеттер қалашығы XXVІІІ Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың көркі болмақ [Мәтін] /Ә. Әнуарбек // Түркістан . - 2016.- 14 сәуір (№ 15). - 10
Рысбек Қ. Балуан биігі [Мәтін] / Р. Қыдырбек // Егемен Қазақстан . - 2017.- 2 маусым (№ 104). - 10
Рысбек Қ. Ер туған жеріне тартады ! [Мәтін] / Р. Қыдырбек // Егемен Қазақстан . - 2017.- 2 мамыр (№ 83). - 10
Нұғманбекова, Р. Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілді [Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2019. - 19 қыркүйек.- Б.20.
Манап, А. Алаштың "бір жапырақ" баласы [Мәтін] / А. Манап // Егемен Қазақстан. - 2020. - 24 шілде.- Б.10
Елубай, О. Алаштың арда ұлы [Мәтін] : Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы бір үзік сыр / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2020. - 10 қыркүйек.- Б.16
Елубай, О. Қайран Жақсылық! [Мәтін] / О. Елубай // Дидар. - 2020. - 10 қыркүйек.- Б.8-9.
Елубай, О. Қайран, Жақсылық! [Мәтін] / О. Елубай // Қазақ спорты. - 2020. - 8 қыркүйек.- Б.4-5
Сейітхан, А. Жақсылық болып жаралған [Мәтін] / А. Сейітхан // Жас алаш. - 2020. - 11 тамыз.- Б.7.
Сұлтанов, Ө. Жақсылық Үшкемпіров күреске қалай келді ? [Мәтін] / Ө. Сұлтанов // Ертіс өңірі. - 2021. - 31 наурыз.- Б.12
Сұлтанов, Ө. Даңқты палуан жаттыққан спорт ғимараты [Мәтін] : [Жақсылық Үшкемпіров туралы] / Ө. Сұлтанов // Ертіс өңірі. - 2021. - 31 наурыз.- Б.13
Сұлтанов, Ө. Жақсылықтың күресте сенімді серігі, өмірде адал досы болдым [Мәтін] : олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы / Ө. Сұлтанов // Ертіс өңірі. - 2021. - 28 сәуір.- Б.10
Әбіш, М. Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші ашылды / М. Әбіш. - Мәтін // Егемен Қазақстан. - 2021. - 9 қыркүйек. - Б. 6.
Интернет-ресурстар
Интернет - ресурсы
Легендарный спортсмен, творец истории. Главные победы Жаксылыка Ушкемпирова [Электронный ресурс] : сайт. – Режим доступа: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/legendarnyiy-sportsmen-tvorets-istorii-glavnyie-pobedyi-410197/