Известные имена

Дуанов Б.

DuanovДуанов Бақытбек (1959) – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шығыс Қазақстан облысының дзюдодан бас бапкері

1959 жылы 29 қарашада  Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданының Ақбұлақ (бұрынғы Горный) ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі совхозда жұмысшы, анасы бастауыш сынып мұғалімі, ҚазССР-дің ағарту ісінің озаты. Бақытбектің арғы атасы Жайық баласы Қожамжар би елге сыйлы, сөзі өтімді, дәулетті адам болған. 1873 жылы 7 қаңтарда бір топ азаматтармен бірге Ресей патшасы ІІ Александрдың қабылдауында болған. Ал атасы Дуан өте қайратты, қамшыгер адам болған деседі.

Бала кезінен күреске құштар Бақытбек 1967-1977 жылдары Горный орта мектебінде оқиды. 1977-78 жылдары орман техникумында оқиды.

1978-80 жылдары әскери борышын өтейді. Әскерден келісімен спортты серік еткен жас жігіт Өскемен пединститутының «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітіреді.

1984 жылы институт жолдамасымен Бозанбай ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде ұстаздық жолын бастайды. Қажымас еңбегі мен білімінің арқасында сол ауылдан 20-дан астам спорт шеберін тәрбилеп шығарады. Оның екеуі халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. 1996 жылы шәкірті Руслан Сейілханов АҚШ-тың Атланта қаласында өткен жазғы олимпиадаға қатысты.

1993 жылы Бақытбек Базарқатұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

1988-1997 жылдары Бозанбай спорт мектебінде аға бапкер болып қызмет істеді. 1997 жылы Өскемен қаласындағы жоғарғы спорт шеберлігі мектебіне жұмысқа шақырды. Бақытбекті спортқа баулыған, өмірде үлгі болып жол көрсеткен ағасы КСРО спорт шебері, марқұм Мұратбек Дуанов болатын. Мұратбек Дуанов Күршім ауданы бойынша спорт саласында еңбегі сіңіп, «Кеңес Одағының спорт шебері» атағын алған тұңғыш спортшы еді.

Бақытбек Дуанов 2002 жылдан бері облыстың бас бапкері. Спортты дамытуға қосқан еңбегі бағаланып, самбодан КСРО спорт шебері, қазақ күресінен, дзюдодан «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Білім беру саласының үздігі» ,Білім беру саласының Құрметті қызметкері», «Қазақстанның үздік жаттықтырушысы», Күршім және Глубокое аудандарының "Құрметті Азаматы" т.б. атақтары бар. Бірнеше орден, медальдардың иегері. 

Қырық жылға жуық бапкерлік еңбек жолында Қазақстанға еңбек сіңірген екі спорт шеберін, халықаралық дәрежедегі 13 спорт шеберін, 70-тен астам Қазақстанның спорт шеберін және халықаралық дәрежедегі 5 төрешіні дайындаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Б. Дуанов "Құрмет" орденімен марапатталған.  

 

  Б. Дуанов туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

Публикации о Б. Дуанове в периодических изданиях

 

Кеңесұлы, Е. Атасы қайратты да қамшыгер болыпты : [әйгілі спорт шебері Бақытбек Дуанов туралы] / Е. Кеңесұлы. - Мәтін // Дидар. - 2022. - 27 қаңтар. - Б. 15.

Үсенов , Б. Білікті бапкер Құрметті азамат атанды / Б. Үсенов . - Мәтін // Рауан -Заря. - 2022. - 21 қаңтар. - Б. 5.